Оқулық " Экология"мамандығы



бет20/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125
treatise95823

ГИПОКСИЯҒА ҚАЛЫПТАСУ. Газалмасу режиімінің қолайсыз жағдайы індерде, төгілген жапырақ астында, қар астында, таудың жоғарғы белдеулерінде және т.б. қалыптасқан.Гипоксияның алғашқы белгілеріне өте жылдам жауап (мысалы, тауға тез көтерілу) тыныс алудың жиілеуі мен жүрек соғыуының күшеюі. Осы реакциялармен қатар қандағы жалпы оттегі көлемі эритроцит санының көбеюіне байланысты жоғарлайды, эритроциттердің шұғыл қанға өтуінен тіпті толық жетілмеген клеткалар да өтіп кетеді.Биік таулы жерлердің жоғарлауына тұрақты қалыптасқан жағдайда оттегі көлемінің өсуі қуатты миокардты қамтамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тыныс алудың биохимиялық табиғаты қандай?

  2. Өсімдіктер мен жануарлардағы тыныс алу жүйесінің айырмашылығы қандай?

  3. Суда тіршілік ететін организмдердегі газалмасу сипаты қандай?

  4. Құрлықта тіршілік ететін организмдердегі газалмасу сипаты қандай?


2.5. ЖАРЫҚ.
Жарық бұл экологиялық фактор ретінде маңызды, себебі, фотосинтез үрдісі үшін энергия көзі, сол сияқты бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуші. Жануарлардың сан алуан тіршілігі үшін жарықтың физикалық қасиеті әртүрлі. Дұрысын айтсақ, экологияда «жарық» термині күн сәулесінің бүкіл диапозоны, өзімен келетін энергия ағымының толқын ұзындығы 0,05 – тен 3000 нм шамасында және одан да жоғары болуы мүмкін. Радиацияның мұндай ағымы бірнеше аймақтарға жетеді, физикалық қасиеті және экологиялық маңыздылығымен тірі организмдер үшін ерекшеленеді.
Күн сәулесі спектрі әртүрлі бөліктерінің биологиялық әсері.
Иондаушы сәуле (150 нм).Радиацияның биологиялық әсері, негізінен субклеткалық деңгейде (ядро, митохондри, микросома). Бұл әсер сәуле алу мөлшеріне тәуелді: аз мөлшер бұзушы әсерді жағдай жасаушы әсерге ауыстыруы мүмкін. Иондаушы радиацияның генетикалық аппаратқа ықпалы белілі жағдай (мутагенді). Спектрдың мұндай экологиялық аспектісі іс жүзінде толық зерттелмеген.
Ультракүлгін сәуле (150 – 400 нм). Бұл спектрдің қысқатолқынды зонасы («ультракүлгін С») теріге белсенді сіңіріледі; УК – С қауіптілігі бойынша Х – сәулесіне жақын, бірақ іс жүзінде озон экранында толық жұтылады. Келесі зона – УК – В, ұзын толқынды 280 – 320 нм – УК спектрінің өте қауіпті зонасы, концерегенді әсер етеді. Бұл әсердің механизімі белгісіз, бірақ ДНК молекуласын бұзуы мүмкін деген жорамал бар. Сонымен қатар, бұл сәулелер оның иммунитетіне жауап беретін терінің Лангерганс клеткаларын белсендетеді, сондай – ақ бірқатар микроорганизмдерді белсендетеді. Соңғысы осы бөлігіне ғана тән; УК басқа толқын ұзындығы микробтар үшін зиянды. УК – көп бөлігін сондай – ақ озон экраны ұстап тұрады: Жер бетіне бар болғаны 300 нм ұзындықтағы толқындар жетеді. Спектр тірі организмдерге химиялық әсер етеді. Негізінен алғанда УК клетка түзілу үдісін жылдамдатады. Ультракүлгін сәулесі ауылшаруашылық жануарларының жас особьтарының төлдеуін жоғарлататындығы дәлелденген.
Организмдерде осы сәуле әсерінен Д дәруменін өндіреді, ол Са және Р алмасуларын реттейтіндіктен сүйек қалыпты өсіп жетіледі. Сондықтан көптеген сүтқоректілер, үнемі өз төлдерін (таңертең ертерек) індеріне жақын жерлерге шығарыпн күн астына қыздырынады.
«Күнге қыздырыну» көпшілік құстарға да тән; мұндай формадағы мінез – құлықтың негізгі рөльі – алмасуды реттеу, Д дәруменін өндіру және меланин өнімділігін реттеу. УК сәулесін өте көп алу организм үшін зиянды.
Қысқатолқынды радиация әсерінен белсенді бөлінетін клеткалар шыдамсыз келеді. УК артық мөлшерін алудан көптеген түрлерде қара пигменттер пайда болған.
УК – радиациясы гидросфераға 65 м тереңдікке ену арқылы да біршама әсер етеді. Ультракүлгін түскен радиация Жер бетіне түскен радиацияның жалпы қосындысына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет