Оқулық " Экология"мамандығы


ОРТАНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



бет35/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125
treatise95823

ОРТАНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жер бетінде және оған жақын өмір сүретін ағзалардың денесі энергия ағынының күннен шығатын және ұзынтолқынды жылудан тұратын сәуле әсеріне душар болады. Бұл екі факторды ортаның климаттық жағдайы (температура, ауа және судың қозғалысы, судың булану жылдамдығы) анықтайды, бірақ та күн сәулесінің аз бөлігін фотосинтез пайдаланады.
Биосфераға ғарыштан ашық жаз күні күннің жарты бөлігінде күн сәулесінің 67% -ға жақыны жетуі мүмкін. Ашық күндері жер бетіне түсетін сәулелі энергия шамамен 10% - ы ультракүлгін сәулелерден (толқын ұзындығы 0,3 мкм аз сәулелер озон қабатынан өтпейді бұл өте тиімді, бұндай сәулелену қорғалмаған протоплазма үшін өлімге әкеледі), 45% көрінетін сәулелерден және 45% инфрақызыл сәулелерден тұрады.
Тығыз бұлт пен судан көрінетін жарықтың өтуі бәрінен аз бәсеңдетеді. Демек, фотосинтез бұлтты күндер мен мөлдiр судың жiгімен өте алады. Өсімдіктер қызыл және көк сәулелерді, сонымен қатар ұзақтан инфрақызыл сәулелерді жақсы сіңіре алады. Орманда көлеңкелі салқын болуының арқасында жапырақтар көрінетін және алыс инфрақызыл сәулелерді сіңіреді. Көк және қызыл сәулелерді негізінен күшті хлорофиллдер сіңіреді, ал алыс инфрақызыл сәулелердің энергиясын – судағы, су буымен қоршалған аумақтағы жапырақтар құрамы сіңіреді. Жер бетіндегі өсімдіктердің жапырақтары қызып кетуден бой жасырады, күн сәулесінің жылы энергиясының негізгі бөлігін тасымалдайтын инфрақызыл сәулелерге жақын болудан алыстайды.
Қоректену ортасының басқа энергетикалық компоненті – жылулық сәулелер. Ол температурасы абсолютті нольден жоғары болған денелердің барлығының беткі бөлігінен өтеді. Бұл топырақ қана емес, су және өсімдік, бұлт, экожүйедегі жоғарыдан төменге қарай сіңірілетін жылу энергетикасының айтарлықтай санымен анықталады. Жылу энергетикасы күн сәулесіне қарағанда биомассада толығымен сіңіріледі. Жылу энергетикасының күндізгі тербелісі биологиялық үлкен мәнге ие болады. Шөл немесе таудың жоғары биіктіктегі тундраларда энергияның күндізгі ағыны түнгі уақытқа қарағанда көптеген есе үлкен, ал мұхиттың терең сулы аумағында, тропикалық ормандардың тығыздығына қарай сәулелердің жалпы ағыны тәулік бойына бір қалыпты қалуы мүмкін. Бұл жағдай су массасы мен орман биомассасындағы ортаның энергетикалық сипаттамасы тербелмелі болады және бұлай жасау тірі жануарлар үшін стрессті жағдайды аз тудырады. Ағзалардың қалыптасу жағдайындағы сәулелердің жалпы ағынын анықтайды, бірақта экожүйенің өнімділігі үшін және зат айналымындағы биогенді элементтер үшін күн сәулесі жиынтығының барлығы жыл бойына, айына, аптасындағы жасыл өсімдіктер алатын күн сәулесінің экожүйелері автотрофты ярустылығына түсетін жағдайға тікелей маңызды. Бұл кездегі алғашқы энергия барлық биологиялық жүйеге әсерін тигізеді. Бар болғаны 1% жақын энергия қорек арқылы және басқа биомассалар арқылы өтеді, шамамен 70% жақыны жылуға айналады, булануға кетеді, ылғал, желге және т.б. босқа жоғалып кетпейді, сонымен қатар энергия температураны қолдайды және Жер бетіндегі өмір үшін қажетті су айналымы және ауа – райы жүйесіне әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет