Оқулық " Экология"мамандығы


ЭКОЖҮЙЕНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ



бет33/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125
treatise95823

ЭКОЖҮЙЕНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
Экожүйені және экожүйеде өтіп жатқан процестер мен экожүйенің құрылымын зерттеу арқылы оларды функционалдық немесе құрылымдық белгiлерi бойынша классификациялауға болады. Функциональды классификациялаудың мысалы ретінде – түсетін энергияның сапасы мен санының негізінде бөлінудің жүруін келтіруге болады. Биом бойынша классификациялау кеңінен пайдаланылады. Биом өсімдіктер жамылғысын немесе жер бедеріне тән басқа да ерекшеліктерді сипаттайтын ірі аймақтық немесе субконтинентальдық биожүйені білдіреді.
Ең ірі және идеалдық маңызға өте жақын «өзін-өзі қамтамасыз ететін» - бұл биосфера. Ол жер бетіндегі барлық тірі ағзаларды біртұтас толығымен өзіне қосып алады, бұл жүйе тепе-теңдік тұрақтылығын сақтайды, күн сәулесінің энергия ағынын алады және осы энергия сәулесін ғарыш кеңістігінде таратуын қолдайды.
Дегенмен де, энергия - барлық экожүйеге жалпы ортақ, функциональды классификация үшін ғажайып негіз.


Одум бойынша табиғи экожүйелердің және биосфераның биомдарының негiзгi типтерi: Жер бетiндегi биомдар:
1. Тундра: арктикалық және альпiлi зона.
2. Боеральды қылқан жапырақты ормандар (қалың орман ).
3. Жапырағы түскен орман тыныш зона.
4. Тыныш (өлі) зона далалары.
5. Тропикалық далалар және саванна.
6. Чанпароль.
7. Шөлдер: шөп басқан және бұталы өсiмдiктер.
8. Тропикалық ормандар.
Тұщы су экожүйелерінің түрлерi:
1. Ленталы (өлi су ): көлдер, тоғандар және тағы басқалар.
2. Лотикалық (ағын су): өзен, жылғалар тағы сол сияқтылар.
3. Шалшықты қоныстар: батпақтар.
Теңiздегi экосистемаларының түрлерi:

  1. Ашық теңіз (пелагиялық).

  2. Континенттiк шельфтiң сулары (жағалаудағы сулар).

  3. Анвелингті аудандар (балық өңдейтін шаруашылығы бар құнарлы аудандар).

  4. Эстуарилер (жағалаудағы шығанақтар, бұғаздар, өзен сағасы және т.б.



Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғи бірлестіктегі тірі ағзалардың қабатты таралуы немен түсіндіріледі?

  2. «Экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарының айырмашылығы неде?

  3. Экожүйенің құрылымдық ұйымдасушылығына қандай компоненттер кіреді?

  4. Продуценттерге, консументтерге, редуценттерге қандай ағзалар жатады және тірі ағзалар бірлестігінде олардың рөлі қандай?

  5. Экологиялық сукцессия дегеніміз не?

  6. Кішкентай аумақта өтетін экологиялық сукцессияға, және едәуір территорияны алып жататын сукцессияға мымал келтіріңіз?

  7. Арал теңізіндегі тірі ағзалар бірлестігінде болып жатқан өзгерістерді экологиялық сукцессияға жатқызуға бола ма? Өз жауабың түсіндір.

  8. Экологиялық климакс дегеніміз не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет