Макроконсументтер. Бұл топқа жәндіктердің дернәсілдері, шаянтәрізділер, балықтар жатады. Алғашқы макроконсументтер (шөппен қоректенетіндер) тікелей тірі өсімдіктермен немесе өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенуіне байланысты екі типке бөлінеді: зоопланктон (жануарлар планктоны) және бентос (түпкі формалары). Екіншілік консументтерге (ет қоректілер) жыртқыш жәндіктер және жыртқыш балықтар біріншілік консументтермен бір-бірімен немесе басқа екіншілік консументтермен қоректенеді (сонымен бірге үшіншілік консументтердің қалыптасуына әкеледі). Консументтердің тағы бір маңызды типі – детритофагтар, автотрофты ярустан төменге қарай түскен жаңбырдың есебінен органикалық детриттер қалыптасады.
Сапротрофты организмдер. Судағы бактериялар, талшықтылар және саңырауқұлақтар тоғандарда жаппай таралған, бірақта олар негізінен өлі жануарлар мен өсімдіктердің жинақталатын жерлеріне қарай су аралығы мен лайланған шекараларында кездеседі. Кейбір саңырауқұлақтар мен бактериялар патогенді боп келеді, олар тірі ағзаларды зақымдайды да, олардың ауруына әкеледі, дегенмен де олардың көп бөлігі өлген ағзалардың ішінде орналасады. Қолайлы температуралық жағдайда су массасында жіктелуі жылдам жүреді: өлген ағзалар көп уақытқа сақталмайды және олар микроорганизмдер мен детритофагтардың тұтынатын бөліктерге ыдырайды, олардың құрамын нәрлі зат ретінде қайтадан пайдалануы үшін босатылады.
Егер де біз жер бетіндегі экожүйені қарастырсақ, мысалы, тоғанға мүлдем ұқсамайтын шалғындықты алсақ, экожүйенің бұл екі типінің де бір және негізгі құрылымы бар және экожүйе бірдей жағдайда қызмет етеді. Әрине, құрғақ жерде суға қарағанда басқа түрлер болады, бірақта оларды экологиялық топтарға бөліп топтастыруға болады. Продуценттердің арасында тамырлана алатын (шөптесін, гүлді) өсімдіктер басым болады, бірақ та топырақта, тастарда, жоғары сатылы өсімдіктердің сабақтарында өсетін балдырлар, мүктер, қыналар секілді фотосинтездеуші ұсақ ағзалар кездеседі. Бұл субстраттар ылғалдандырады және жарықтандырады, микропродуценттер органикалық өнімге айтарлықтай үлесін әкеледі. Сонымен бірге жайылымдық шабындықтағы өсімдіктер мен жануарлар әртүрлі екі топтарға жіктеледі: ұсақ топқа – өсімдіктермен қоректенетін жәндіктер және басқа да омыртқасыздар, және ірі тобына – шөпқоректі кемiргiштер және тұяқты сүтқоректiлер жатады. Екіншілік консументтерге – жыртқыш жәндіктер, өрмекшілер, құстар және сүтқоректілер, біріншілік консументтермен қоректенушілер немесе басқа да екіншілік консументтер.
Достарыңызбен бөлісу: |