Сурет 22 . Қисық тірі қалудың әртүрлі типтері
Қисықтың I типі (қатты шығыңқы) өмірдің көп бөлігінде өлімнің көлемі шамалы ғана, сосын бірден артады, және де барлық даралар қысқа уақыт ішінде қырылып қалады. Өлімнің осындай таралуы дрозофилада, біркүндіктерде және басқа да жәндіктерде байқалады, олар қуыршақтан шыққан соң, біраз уақыттан кейін шағылысады, жұмыртқалап болғаннан соң барлығы қырылып қалады. Осындай қисыққа адамның тірі қалу қисығы, кейбір жағдайда ірі сүтқоректілердің де тірі қалу қисығы жақын болады.
Қисықтың П типі (қатты иілген) басқа жағдайды суреттейді – өмірінің алғашқы кезеңінде даралар жаппай қырылады, сосын қалған даралардың қырылуы салыстырмалы төмен болады. Осыған мысал устрица мен басқа да қосжақтаулы моллюскалар болады, сонымен бірге емен; еркін жүзетін дернәсілдер мен еменнің жаңғақтарының қырылуы өте жоғары, бірақ дара бір субстратқа жақсылап бекінсе, онда оның күтілетін өмір сүру ұзақтығы едәуір артады. Аралық типке әртүрлі жастық топтар үшін тірі қалу қисығы азды көпті ұқсас түрлер жатады. Осындай тірі қалу қисығы балықтардың, құстардың, бауырымен жорғалаушалардың, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің арасында кездеседі, тірі қалу қисығының сатылы типі (Ш) өмір циклінің ауыспалы кезеңдерінде тірі қалуы күшті ауытқитын түрлер үшін тән, мысалы көбелектер.
Тығыздыққа тәуелсіз және тәуелді популяцияның санын реттеу Алуантүрлілігі төмен, физикалық стресстерге немесе басқада реттейлмейтін немесе болжамсыз ішкі факторлардың әсері ұшыраған экожүйелерде популяциялардың көлемдері осы факторлардың саны мен сапасына тәуелді болады: ауа райы, ағыс, шектеуші химиялық факторлар, дауыл, өрт. Реттелу биологиялық факторлардың арқасында жүзеге асады. Кез келген фактор шектеуші немесе қолайлылыған қарамастан бөлінеді: тығыздыққа тәуелсіз болад, егер оның әсері популяцияның көлеміне тәуелсіз болса немесе Любой фактор, неважно лимитирующий или благоприятный, может быть: 2) тығыздыққа тәуелді болады, егер оның популяцияға ықпалы тығыздықтың қызметі болып табылады. Екі топ факторларының әсері тура болуы мүмкін, яғни ол тығыздықтың жоғарғы шегіне жақындаған сайын күшейеді, деседе ол кері тәуелділікке бағынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |