СУ ЖӘНЕ АУА.
Біріншіден, гидросфера мен атмосфера арасындағы айналымдар (жауын-шашын ) булану арқылы жүреді.
Екіншіден, бұл байланыс энергетикалық – жарық сәулелері арқылы фотосинтез үрдісімен жүзеге асады.
Үшіншіден, химиялық байланыстар:О2 жәнк СО2 суда ериді. Бұл үрдіс су ортасында динамикалық тепе – теңдік жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету қағидасына бағынады:
Атмосфера С, О,Н, NН
Мұхит СО2 + Н 2О +HCO3 + HCO3 + 211
Бұл жүйе гидробионттардың тіршілігі үшін шешуші роль атқарады.
Жер планетасының көптеген қызметінде әртүрлі тірі организмдер (тірі заттар) маңызды болып табылады. Биосферадағы тірі зат массасы (И.А. Тиловтың, 1997) есебі бойынша 2400 милиард тонна, ол Жер атмосферасының 1/2100 арақатынасына тең. Биосфераның жалпы қалыңдығы Жер радиусынан 1/320 тең (1/325 атмосфераны қоса есептегенде) – бұл оның жер планетасының жоғарғы бөлігініндегі жұқа қабық екенін көрсетеді.Соған қарамастан Жер планетасының қайталанбас тамаша қасиеттерге ие болуы биосфераға байланысты.Бұл тірі заттардың жоғарғы химиялық белсенділігімен түсіндіріледі.
Химиялық (биохимиялық) реакция, тірі организмдерде күшті биологиялық катализатарлар – ферменттер арқылы жүреді және ол бейорганикалық әлемдегі реакциялардан мың есе жылдам келеді. Сонымен қатар, фермент қатысуы ракцияның температурасын және басқа жағдайларын өзгерте алады. Майлар мен көмірсулар, мысалы организмде
370 С температурада тотығады, сондай – ақ ,абиотикалық жағдайда осындай реакцияларға (400 – 500 0С) жоғары температура қажет. Молекулалық азоттан өндірісте аммиакты синтездеуге 500 0С температура және 300 – 500 атм. қысым қажет; ал микроорганизмдер осындай реакцияны қалыпты температура мен қысымда жүзеге асыра алады.
Тірі организмдерде жүретін ферменттік реакциялар ғаламдық биологиялық айналымға қатынаса алады, оның ауқымын фотосинтез үрдісіндегі оттегі мен көмірқышқыл газының айналу жылдамдығымен бағалауға болады.
Биосферадағы фотосинтез өнімділігі (Х 10т/жыл).
(И.С.Войткевич,1995)
Биоциклдар
|
Қолданылды, жұмсалды
|
Пайда болды, шығарылды
|
СО2
|
Н 2О
|
С пН г п Оп
|
О2
|
Құрлық
|
253
|
103,5
|
172,5
|
184
|
Мұхит
|
88
|
36
|
60
|
64
|
Барлығы
|
341
|
139,5
|
232,5
|
248
|
Тірі заттектердің жоғары химиялық белсенділігі әрдайым элементтер айналымына әсер етеді.Биосфералық процестер (озон қабатының оттегімен байтылуы, мұхит суларының минералдық құрамының сақталуы тірі организмдер әрекеті екендігі) тірі заттектердің жоғары белсенділігіне негізделген.
Биосфераның жоғары қабілеттілігі біртұтас жүйе ретінде, өзін – өзі реттеушілігі «Гей» гипотезасына негізделеді: жердегі тірі әлем біртұтас жоғары организмдер (J.Jove lock, 1986), өлі дүние ортасымен ажырамастай байланысқан және өмір сүреуіне қажетті, ыңғайлы орта жасай біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |