Бақылау сұрақтары:
Биосфераның маңызды арнайы ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Биосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімінің маңызы қандай?
Биосфераның негзігі қызметі не болып саналады?
Биосферадағы тірі заттардың рөлі қандай?
Үлкен зат айналымының (геологиялық) кіші зат айналымынан (биологиялық)? айырмашылығы неде?
Адамның биосфералық қызметі немен қорытындылады?
Ноосфераның қалыптасуын сіз қалай түсінесіз?
6.1.Биосфера Жердің ерекше қабығы.Қазіргі таңдағы биосфераның құрылымы, құрамы және қызметі.
Биосфера- ғаламдық жүйе, жердің ерекше қабығы, тіршіліктің таралу аймағы, құрамы, құрлысы және энергетикасы бұрында және қазіргі тіршілік иелері арқылы қалыптасады, биосфера шекарасы тірі организдер үшін қажет абиотикалық факторлар: температура, су, судың тұздылығы, қоректі минералды элементтар т.б. тәуелді келеді.
«Биосфера» тіршілік қабығы, жер бетін түгелдей алып жатқан кеңістік, (атмосфераның төменгі бөлігі, барлық гидросфера және литосфераның үстіңгі бөлігі), оған қоса барлық тірі организмдер жер бетіндегі тірі заттарды қоса алғанда және сондай-ақ жердің пайда болу тарихымен байланысты барлық тірі организмдер қалдықтарының жиынтығынан тұрады.
«Биосфера» терминін автриялық геолог Эдуард Зюсс 1875 ж енгізеді. Ол Жердің планета ретіндегі ерекшелігіне сипаттай келе «Мынау үлкен шар тәрізді келген аспан денесіне бір нәрсе бөтен болуы мүмкін, - ол органикалық өмір. Құрлық бетінен жеке биосфераны бөліп көруге болады.» - деген пікір айтты. Осылайша, Э.Зюсс биосфераны топологиялық тұрғыда – тіршілік таралған кеңістік деп ұғынды. Бұл термин екі жақты мағынада, анықтамасы толық ашылмай қалды.
1802 ж Ж.Б Лармак «биосфера» терминін қолданбай-ақ, өткен уақытта да, бүгінгі уақыттағы да планетаның тарихи даму этаптарында тіршіліктің планеталық рөлін жоғары балғалады, жер қабығын қалыптастырады деген ұйғарым жасалды.
Шет елде XIX – XX ғғ. табиғи құбылыстарға тіршілік атаулының ғаламдық әсері туралы ой – пікірлердің тұжырымдалуына топырақтанушы ғалым В.В Докучаев еңбектері орасан зор үлес қосты.
«Биосфера» ұғымының негізін қалаушы, академик В.И Вернадский 1926 ж өзінің классикалық еңбегі «Биосфера» ілімін жасады. Ол өз еңбегінде биосфера Жер шарының тірі организмдер таралған бөлігі, ең үлкен экожүйе екенін ғылыми тұрғыда негіздеді. Биосфераны құрайтын үш құрамдас бөліктерін байланыстыратын тірі организмдер тіршілік әрекеті, яғни тірі организмдер арқылы әлемдік мұхиттар бірнеше рет өтеді, топырақ қалыптасады, атмосфераның газдық құрамы толығады. Сонымен қатар Жер планетасын оттегімен байытып, өзіненен кейін километрге созылған қазба және отын байлықтарын жасаушы.
В.И Вернадский биосфера құрамына тірі организмдер өсімдік ,жануар және микроорганизмдерден басқа – биогенді заттектер – организм қалдықтары әртүрлі жағдайдағы шіріген органикалық және минералды өмірге қажетті өнімдер кіреді (органикалық қалдықтар), оттегі, көмірқышқыл газы, көмірсулар және басқалары биогендер) және биокосты заттектерге – тірі организмдердер қатысуымен түзілген тау қыртыстары т.б. жатады.
Биосфераның жалпы биосмассасы (құрғақ затпен есептегенде) шамамен 2 триллион тонна, ал биомассаның әр жылдық өнімі осыдан 10 есе аза келеді. Биосфераның тірі заттегінің 98% жер бетіндегі өсімдіктердің биомассасынан құралады.
Егер жер бетіне барлық тірі заттектерді тепе – тең орналастыратын болсақ, оның қалыңдығы 2 сантиметр болмақ.
км
Мезосфера – 77 (тіршілікке қабілетті микроорганизмдер таралған)
Озон экраны (8-10 км полюсте, 15-18 – экваторда)
8,848 км (мұз зонасындағы кенелер тұқымдасы)
7- шекара омырқалы жануарлар мекені, 6- шекара
жоғары сатыдағы –өсімдіктер таралуы.
0
---------------------------
Эубиосфера
Мариандық құлдырау
11
Метабиосфера
км Судағы мұнай өнімдері
15
Сурет 24 Эубиосфераның (көлденең кесіндісі)
Биосфера (эубиосфера) – бұл тіршілік үшін күрес аумағы ғана емес, ол тірі организмдердің көбеюіне, өсуіне, мүмкіндік, беретін орта . Бұл ортаға одан басқа да аймақтар кіреді, яғни тірі организмдердің тіршілік ету жағдайларнының нашарлауы, көбею мүмкіндіктерінің төмендеуі ( тіршіліктің тұрақтылық жазықтығы).
Тіршілік ету жазықтығы үшін, ең аз дегенде бес жағдай қажет: жеткілікті мөлшерде оттегі және көмірқышқыл газы қажет.
Тірі заттар ауаның қазіргі газдық құрамы мен қысымына бейімделген. Оттегінін концентрациялық салмағы теңіз деңгейінен 299 г/м3 тең, 20 км биіктікте 160 мм және 8,7 мм қысымға тең. Сондықтан, 20 км биіктікте осындай төменгі қысымда тіршіліктің таралуы мүмкін емес, бірақ осыған қарамастан оттегінің сандық көлемі теңіз деңгейіндегі – 20,95% мөлшерінде сақталған.
Көмірқышқыл газының жоғарғы биіктікте (6 км жоғары) қысым үлесі қажет мөлшерден төмен болуы.
Судың барлық қажетті мөлшерде болуы.
Қалыпты температура.
Минералды заттардың қажетті минимумы
Орта тұздылығы. Теңіз суы мен салыстырғанда тұз концентрациясы 10 есе жоғары болатын аймақ болмайды. Тіршіліксіз жер асты суларнының тұздық концентрациясы 270 г/л.
Достарыңызбен бөлісу: |