Бақылау сұрақтары.
Биосфераға сипатама беріңіз ?
Жер биосферасының көлденең бағыттағы сипаттамасы қандай?
В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалары қандай
Биосфераның негізгі қызметі қандай?
Биосферагенез процесін сипаттаңыз ?
ТІРШІЛІК ЖҮЙЕСІ.
Биосфера біртұтас жүйе. Тіршілік жүйесі және биосфера жалпы – жүйелік қасиеттерімен анықталады (заттардың үштік бірлігі, энергия, ақпарат, құрылымдық қызметтердің ұйымдасуы, жүйеасты иерархиясы (генетикалық, клеткалық жүйе, мүшелер жүйесі, организмдер жүйесі, өзара әсері, дамуы және т.б.)
Организмдердің мінез-құлқын сипаттайтын қасиеттеріне: құрылымдық ұйымдасуы, ерекшелігі, бірлесуі, түрлік айырмашылығы, энергия жұмсауы, зат алмасуы жатады (Б.М.Медников, 1994).
Тірі заттың негізгі қызметтері - энергетикалық, деструктивті, концентрациялы, ортақалыптастырғыш (А.В.Лапо, 1987).
Тірі заттың ең негізгі қасиеті: ұрпақ алмасуы, химиялық әртүрлілігі, химиялық реакцияның жоғары жылдамдығы, бос энергия ,барлық бос кеңістікте таралуы (Н.М.Мамедов., И.Т.Суравегина, 1996)
Тіршілік- күрделі молекуладан құралған өзіндік даму, өзіндік сақталу мүмкіндігі бар жүйе. Осындай молекулалар арқылы зат алмасу жүреді және сыртқы ортамен байланысу нәтижесінде энергия мен ақпарат алмасу жүзеге асады.
Тіршілік – бұл материя қозғалысының физика- химялық жағдайындағы ерекше формасы, аминқышқылы және қанттар қасиеті, зат алмасу, гомоспазм, тітіркену, жүйелік бейімделу, (адаптация), қимыл – әрекеті.
ЖАЛПЫ ЖҮЙЕЛІК ЖИНАҚТАЛУ.
Биосфера – ғаламдық экожүйе. Экологиялық жүйе – ақпаратты өзіндік даму мүмкіндігі, экологиялық биотикалық компоненттердің термодинамикалық ашық бірлігі және заттар мен энергияның абиотикалық қайнар көзі, бірлігі мен көп қырлы байланысы биосфераның кейбір бөліктеріне тиеселі уақыт пен кеңістікте (биосфераны қоса алғанда) осы бөліктеріндегі зат алмасудың ішкі заңдылықтары, сыртқы энергия және ақпарт алмасу, (сонымен қатар көршілес іспеттес жиынтық аралығы да) және осының негізінде көпке созылған өзін – өзі реттеудің белгісіз жақтары мен оның бүтіндей дамуын басқаратын биотикалық және биогенді құрауыштар әсерінен болады.
Күрделі жүйе
Бүтін жүйе аксиомасы
Бөлшектену және ірілену заңдылығы
Эмерджентность аксиомасы
Әртүрліктің қажеттік заңдылығы
Құрам бөліктердің толығу заңы (ереже)
Молшылққа шектеу қою приципі
Жүйеастына өту заңы (ережесі)
Оңтайлылық заңы.
Достарыңызбен бөлісу: |