Оқулық " Экология"мамандығы



бет66/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125
treatise95823

Ішкі даму жүйесі:

  1. Бір бағытта даму заңдылығы

  2. Жүйелік ұйымдасудың күрделілік заңы К.Ф. Рулье

  3. Биогенетикалық заң (М. Мюллер, Э. Геккель)

  4. Жүйелік – генетикалық заң

  5. Корреляцияның анатомиялық (құрылымдық) заңы (Ж. Кювье)

  6. Жүйе құраушытарның синхронизациялық және үйлесімділік заңы

Иерархиялық жүйе

  1. Интеграциялық деңгейде иерархиялық ұйымдасу қағидасы.

  2. Жүйе құрылымындағы қайталану заңы немесе жүйелік – қайталану заңы



«Жүйе – орта» қарым – қатынас.

  1. Жүйенің қоршаған ортамен байланысу арқылы даму заңы

  2. Әсер етуші фактордың иерархиялық жүйеге әсер қағидасы (және ішкі жүйеге)

  3. Функциональды – жүйенің теңсіздік заңы

  4. Үдерістің тоқтау ережесі

  5. Жүйенің бөгде ортада жоғалу заңы Г.Ф. Хильми

Бақылау сұрақтары:

  1. Биосфераның жүйелік қасиеті қалай байқалады?

  2. Тірі заттың негізгі қызметі қандай?

  3. Тірі заттың теңдесі жоқ қасиеті қандай?

  4. Тіршілік дегеніміз не?

  5. Экожүйе дегеніміз не?

V. БӨЛІМ БИОСФЕРАДАҒЫ БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙНАЛЫМ.
Биогенді айналым.
Бізге белгілі болғандай заттар айналымына Жер планетамыздың тартылыс күші әсер етеді. Өлі заттектер өздігінен жазықтық бойымен тек жоғарыдан төменгі бағытта ғана жылжиды.Өзендер, мұздықтар, көшкіндер, үгілулер тек қана осы бағытта қозғалып отырады. Қозғалыстың жалпы бағыты- құрлықтан мұхитқа қарай бағытталады.
Тірі заттектер – заттар айналымын төменнен жоғары, яғни мұхиттан құрлыққа кері қозғалуына жалғыз себепші болып табылады.
Биологиялық циклде топырақ және атмосферадағы химиялық элементтердің тірі организмге енуі арқылы жаңа күрделі байланыстар түзіле отырып, оның топыраққа , атмосфераға , суға тіршілік процестері арқылы қайта оралуы жүріп жатады. Биологиялық заттар айналымына геологиялық жалпы айналым да қатысады. Биосфералық циклдің ұзақтығы бірнеше ондаған және жүздеген, тіпті мыңдаған жылдарды, ал геологиялық цикл – миллиондаған жылдарды қамтиды.
Жердегі заттар айналымы- заттардың орын алмасуы мен араласуы, энергия мен ақпарттың алмасуы. Биосферадағы космостық сәулелердің әртүрлі энергия түріне айналуы байқалады. Энергияның әртүрленуі планетамыздағы заттар және биосферадағы тірі организмдер арасындағы айналымға қатысуы арқылы жүреді, биогеохимиялық заттар айналымы – қомақты химиялық элементтер массасының араласуы, фотосинтез үрдісінде жинақталған энергияның орын алмастыруы, байланыстардың түзілуі. Биогенді миграция (көшу) биосферада заттар санының және үнемі Күн энергиясының, тіршіліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет