Топырақ. Қазақстан территориясының топырақ жамылғысы күрделі әрі әралуан. (сурет 6). Жазық бөлігінде ендік зона қалыптасқан, ал таулы аудандарда көлденең белдеулік байқалады. Ішкі жекелеген зона және биік белдеулерде топырақ жамылғысының көптеген түрлері кездеседі. Бұл провинциялық ерекшеліктер гидротермиялық режимнің өзгешелігімен , топырақ жамылғысының қалыптасу тарихымен , жер бедерінің өзіндік ерекшелігімен, литология, территориялық гидрогеологиямен байланысты топырақтың морфологиялық және физика-химиялық қасиеттері қалыптасады.
6-шы сурет. Казахстан Республикасы топырақ типтерінің қатынасы
Ландшафтар. Қазақстанның табиғи жағдайы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олар кеңiстiктiң дифференциациясында жазызықтықтардың шектерiндегi ендiк зоналық және биiк тау белдеулерімен жоғарылап айқын байқалады. Көрcетiлген заңдылық аймақтар және белдеулердiң шекараларындағы табиғат жағдайларының өзiндiк ерекшелiгiне байланысты қиындайды.Қазақстанда ендік зона анық байқалады: орманды дала, дала, шөл, шөлейт. Таулы жүйелерде биіктік белдеулер: шөл, дала, орман, шабындық және ландшафтардың нивалды типтері қалыптасқан.
Экожүйе және ландшафтар алуантүрлілігі.
Қазақстан экожүйелерінің алуантүрлілігі, фаунасы мен флорасы.(сурет 7) зона- белдеу жағдайына байланысты : жазықтықтағы он зона тармағы және таудағы он көлденең белдеулер.
7-шi сурет. Экожүйелердің қорлары
Ландшафтар мен экожүйедегі ірі топырақ геоботаникалық провинцияларда ендік және меридиандық ауыспалы келеді.
1.Ендік- Евразияның орманды дала және даласынан солтүстіктегі шөлге дейін, зоналы оңтүстік Тұран ойпатынан Орта Азиядағы оңтүстікке шөлейтке дейін.
2.Шығыстағы меридианды экотон үшінші эфермеройдты шөлдер гобийск типтегі солтүстік Тұран.
3. Шығыстағы меридианды экотондар үшінші эфемеройдты гобийск типтегі шөлдердің солтүстік Тұран және одан да жасырақ , өзгеше климатты Каспийге ауысуымен байланысты.
Экотондар сызығында шығыстың, оңтүстіктің (Орта Азиялық) және солтүстіктің (Ресейлік) биоалуантүрлілік элементтері байқалады,бұлар Қазақстан шегіндегі өз ареалы шекарасында таралған, сондықтан да антропогендік әсерге табиғи қордың аздығынан қарсы тұруға қабілеті шектеулі.
Достарыңызбен бөлісу: |