Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Ақшаға сұраныстың классикалық сандық теориясы



Pdf көрінісі
бет101/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   309
Макроэкономика

Ақшаға сұраныстың классикалық сандық теориясы.
Классиктер ақшаға сұранысты ақшаның сандық теориясымен 
түсіндіреді жəне ол айырбас теңдігі арқылы көрсетіледі:


147
MV = PY,
мұнда, М – айналыстағы ақшаның саны; V – ақша айна-
лысының жылдамдығы; Р – бағалар деңгейі (бағалар индексі); 
Y – шығарылым көлемі.
Ақша айналымының жылдамдығы тұрақты деп есептелінеді. 
Бұл жағдайда атаулы ЖІӨ ақша массасына тура байланыста 
өзгеріп отырады. Классикалық теорияға сəйкес, нақты ЖІӨ ба-
яу өзгереді. Сондықтан атаулы ЖІӨ-нің өзгерісі баға деңгейі нің 
өзгерісін көрсетеді. Сөйтіп, ақша массасының өзгерісі нақты 
көрсеткіштерге əсер етпейді, тек атаулы көрсеткіштерге ғана əсер 
етеді. Бұл құбылысты «ақшаның бейтараптылығы» деп атайды.
Ақшаға сұраныстың кейнстік теориясы – өтімділікке ар-
тықшылық беру теориясы деп аталады. Осы теория бойынша 
адамдарды қолма-қол ақша сақтауға итермелейтін негізгі үш се-
беп қарастырылады:
1. Келісімдер уəжі (трансакциондық мотив), мұнда ақшаға 
сұраныс əрдайым тауарлар мен қызметтерді сатып алуға немесе 
ағымдағы мəмілелерге қажетті қолма-қол ақшаның қажеттілігі 
ретінде қарастырылады.
2. Сақтық уəжі (мотив), мұнда ақшаға сұраныс болашақтағы 
күтпеген кездейсоқ жағдайларға байланысты адамдардың қол ма-
қол ақшаға қажеттілігін білдіреді. Мұндай себеп, əдетте, адам-
дарда көзделмеген төлемдерге тап болғанда пайда болады.
3. Алыпсатарлық уəжі (спекулятивтік мотив), адамдардың 
өз байлықтарын қаржылық активтер түрінде сақтауға тілек 
білдіруіне байланысты ақшаға сұраныс ретінде қарастырыла-
ды. Мұндай сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату жəне 
қайта сату арқылы табыс əкеледі. Ақшаға сұраныстың бұл түрі 
пайыздық қойылым мен құнды қағаздар бағамына байланысты. 
Пайыз артқан сайын құнды қағаздардың құны төмендей береді, 
соған сəйкес, құнды қағаздарға сұраныс өседі. Бұл қолма-қол 
ақшаны азайтып, ақшаға деген сұранысты төмендетеді. Осыған 
байланысты, пайыздық қойылым мен ақшаға сұраныс арасындағы 
кері тəуелділіктің бар екенін байқауға болады.
Келісімдер уəжі мен сақтық уəжі ақшаға трансакциондық 
сұранысты сипаттайды, яғни қазіргі жəне болашақ кезеңдерде 
келісімдер үшін қажетті ақшаның көлемін анықтайды. Ақшаға 


148
деген трансакциондық сұраныс ең алдымен, табыс деңгейіне 
тəуелді, ал пайыздық қойылымға тəуелді емес. Сондықтан да 
оның сұраныс қисығы тік сызық түрінде орналасады (6.1 а-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет