Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет15/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

2-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жоспар
2.1 Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны.
2.2 Ғылыми-педагогикалық зерттеу логикасы.
2.3 Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері.
2.1 Тақырыптың негізгі ұғымдарының мазмұны
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланылатын 
әдістерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының логикасы туралы айту үшін 
тақырыптың негізгі ұғымдарын ашу қажет.
Ғылым жаңа фактілермен, жаңа біліммен толықтырылған жағдайда 
ғана дамиды. Оларды жинақтау және жан-жақты түсіндіру үшін, деп 
көрсетеді В. А. Сластенин, зерттеудің ғылыми негізделген процеду-
расы мен әдістерін түсіну қажет. Ғылыми негізделгендігі әдіснама 
арқылы жүзеге асады.
Әдіснама - ғылыми-таным іс-әрекетін құрудың принциптері, 
түрлері және тәсілдері туралы ілім. Ғылымның әдіснамасы зерттеу 
компоненттерін - оның нысанын, пәнін, мақсаты мен міндеттерін, 
оларды шешудің қажетті зерттеу құралдарын анықтайды, зерттеу 
міндеттерін шешу процесінде оның барысының ретін қалыптастырады. 
Сонымен, педагогикадағы әдіснама (мектепке дейінгі педагогика-
да) шынайы өмірді педагогикалық тану және өзгертудің теориялық 
ережелерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. 
Педагогика саласындағы зерттеу дегеніміз (мектепке дейінгі пе-
дагогиканы) - жаңа білім алуға негізделген білім беру заңдылықтары, 
олардың құрылымы және тетіктері, мазмұны, принциптері мен тех-
нологиялары туралы ғылыми қызмет процесі және нәтижесі (В. А. 
Сластенин, Е. Н. Шиянов). Педагогикалық зерттеулер педагогикалық 
қызмет фактілері мен құбылыстарын суреттейді, түсіндіреді, болжам 
қояды.
Өзінің бағытына қарай олар:
- фундаменталды - олардың нәтижесі қорытынды тұжырым-дама, 
ол педагогиканың теориялық және практикалық барысын қорытады 
немесе педагогикалық жүйені дамытудың моделін ұсынады;


24
қолданбалы - олар педагогикалық процестің жекелеген жақтарын 
терең зерттеуге, педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға 
бағытталған; оның нәтижесі белгілі теориялық қағидаларды ескере 
отырып нақты ғылыми-практикалық ұсыныстарды жасап негіздеу бо-
лып табылады. 
Мектепке дейінгі педагогика және білім беру саласындағы 
педагогикалық зерттеулердің сапасының негізгі критерийлері: 
өзектілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы. 
Зерттеудің бұл критерийлерге сәйкестік дәрежесін оның маңыздылығы 
мен сапалық деңгейі анықтайды.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер белгілі бір логика бойынша 
жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет