164
термокарст пішіндерінің түзілуіне себепші болады. Көлдердің
тереңдігі 20-30 метрге дейін жетеді.
Жылы өзен суларының тоң қабаттарын ерітуі эрозиялық
тілімденуді күшейтеді. Олардың
жолында кездесетін тоңсыз
қабаттардан биіктігі бірнеше метрге жететін төбелер пайда болады,
оларды жергілікті халық
байджарах деп атайды.
Эолдық процестер əрекетінен қалыптасатын жер бедері
пішіндері. Желдің əрекетіне байланысты геоморфологиялық про-
цестер əсерінен түзілетін
жер бедері пішіндерін эолдық (грек
тілінде,
Ailos – жел тəңірі, құдайы деген мағына береді) жер бедері
деп атайды.
Эолдық процестердің морфологиялық жағынан көрініс беру
үшін: жауын-шашынның өте аз болуы; қатты желдердің жиі соғуы;
өсімдік жамылғысының мүлдем жоқ болуы немесе өте сирек
кездесуі; таужыныстарының мейлінше үгілу нəтижесінде өте ұсақ,
шаң-тозаң түрінде болуы сияқты физикалық-географиялық жəне
геологиялық жағдайлардың белгілі түрде үйлесуі қажет.
Эолдық процестер əрекетінен
қалыптасатын жер бедері
пішіндері көп жағдайда аридты (латын тілінде,
aridus – құрғақ де-
ген мағына береді) климат аймақтарына тəн болып келеді. Мұндай
жағдайлар жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспай-
тын тропиктік жəне қоңыржай ендіктердің қуаңшылық климаттағы
шөл жəне шөлейтті жерлерінде жиі кездеседі.
Эолдық процестер, ең алдымен,
физикалық-географиялық
жағдаймен, ылғал мен жылудың белгілі бір өзара қарым-қатынасы
арасындағы құбылыстармен тығыз байланысты. Эолдық əрекетке
қолайлы жағдай арктикалық жəне антарктикалық климаттық бел-
деулерде де болады.
Төрттік кезеңде эолдық процестер материктік мұз жамылғысы-
ның шетіне таяу жалғасқан перигляциялдық аймақтардағы зандрлы
жазықтарға да тəн болған.
Белгілі жағдайда эолдық процестер басқа табиғат белдеулерінде
де кездеседі. Климаттық жағдайына қарамастан борпылдақ құмның
үгілуі теңіз жəне көл жағасында да байқалады. Эолдық жер бедері
пішіндері аллювийлік материалдың жиналуы нəтижесінде өзен
аңғарларында да қалыптасады.
Жел əрекеттерінің қарқынды түрде жүзеге асу аймақтарына кең
алқапты шөл жəне шөлейт зоналары, теңіз бен көлдің аккумуляция-
лық жағалары жəне өзен аңғарларының құм шоғырланған бөліктері
жатады. Жалпы эолдық процестер:
165
1) дефляция – борпылдақ, бос жыныстардың үрленіп, ұшырылуы;
2) желдің əрекетінен ұшатын қатты жыныстар мен құм
бөлшектерінің басқа тау жыныстарына механикалық əсер етуі,
қажап-бұзуы, өндеуі, тегістеуі, тесуі (корразия);
3) эолдық материалдың тасымалдануы жəне жинақталуы сияқты
түрлерге бөлінеді.
Құмды дауылдар мен күнделікті
соғатын жергілікті жел
əрекетімен құмдар мен шаң-тозаңның жинақталуы нəтижесінде жер
бетінде түрліше эолдық-аккумуляциялық пішіндер қалыптасады
(
79-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: