159
Гляциалдық жəне тоңдық процестер əрекетінен
қалыптасатын жер бедері пішіндері. Мұздық жер бедерінің
түзілу процестері мұз əрекетімен тікелей байланысты.
Мұндай
процестердің дамуы үшін жер бетінің белгілі бір аймағында
мұздықтың ұзақ уақыт сақталып тұруы қажет.
77-сурет. Израильдегі Сорек үңгіріндегі құрылымдар
Мұндай мұздықтың пайда болуы
мен ұзақ уақыт сақталуына
қажетті жағдай нивальды климат тəн аудандарда – биік тау бастары
мен полярлық аймақтарда орналасқан жазық жерлерде қалыптасады.
Егер жер бетінің қандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса,
онда мұз қалыптасу жағдайының ықтималдығы жоғарылайды.
Хио-
носфера – өз құрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі
қатты күйде болатын тропосфера қабаты. Мұнда қар жауу басым бо-
лып, үнемі қар мен мұз сақталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі
шегі –
қар сызығы деп аталады. Қар шекарасының биіктік деңгейі
климат жағдайына тікелей байланысты.
Табиғи мұз –
су мұзы жəне
қар мұзы болып ажыратылады.
Су мұзы құрлықтағы судың немесе мұхит суының мұз боп қатқан
кезінде
пайда болса, қар мұзы қардың қатаюынан пайда болады.
Қар сан мəрте қату мен ерудің жəне кысымның нəтижесінде бада-
надай ірі түйіршікті құрылымға,
фирнге (түйіршікті тығыз қарға)
айналады. Одан əрі өзгеру нəтижесінде
глетчерге, яғни құрлықтағы
мұздық мұзына айналады. Осындай 1м
3
мұз түзілу үшін
орташа
есеппен 11м
3
қар қажет болады.
Жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мұз
қоры
мұздық деп аталады.
160
Мұздықтардың қоректенуі оның бетіне қар түрінде түсетін
атмосфералық жауын-шашын есебінен, жел арқылы айдап алып кел-
ген жəне тау баурайларынан құлаған қардан, сонымен қатар мұздың
үстіндегі ауа құрамындағы булардың суға айналуынан жүзеге асады.
Судың қатты фазасының, яғни қардың, фирнның, мұздың балан-
сы жағдайларына қарай мұздықтың өзі
аккумуляция жəне
абляция
зонасына бөлінеді. Мұздық массасының еру жəне
булану арқылы
кемуі
абляция деп аталады. Абляция мұздықтың шеткі бөліктеріндегі
қалыңдықтың жұқаруына əкеліп соғады.
Абляцияның қарқындылығы ауа температурасына тікелей бай-
ланысты. Температураның ауытқуымен
қатар абляция да ауытқып
тұрады. Сондықтан мұздықтың алдыңғы жиегі тұрақты орнында
қалмай өзгеріп тұрады. Оның сəл ғана алға қозғалуы мен артқа шегінуі
Достарыңызбен бөлісу: