161
кескіні
біркелкі емес, ойлы-қырлы, бедерлі болып келеді. Мұздық
жер бедерінің ерекше пішіндеріне: оза, кама, друмлиндер мен зан-
дрлы жазықтар жатады.
Оза мұздық шөгінлі жыныстар – мореналардың жинақталуынан
түзілетін, жіңішке, бірақ ұзын əрі иректелген
бұйраттар тізбегінен
құралады. Мұздық кері шегінген сайын озалар бір-біріне жалғасып
өсе береді. Ұзындығы бірнеше км,
көлденең қимасы бірнеше
жүздеген м, ал биіктігі ондаған м аспайды. Озалар мұз денудациясы
басым болған аймақтарда таралған.
Кама (неміс тілінде,
кama – қырқа деген мағына береді) –
биіктігі 2-5 метрден 30 метрге дейін жететін, кейде одан да асатын,
флювиогляциалдық шөгінділерден тұратын төбелер. Олар мұз акку-
муляциясы басым болған аймақтарда тараған. Бұл төбелердің көрінісі
конус тəрізді жұмыр күмбезге ұқсайды. Төбешіктердің беткейлері
əдетте 15°-қа дейін кейде одан да тіктеу болады.
Қалыптасу тегі
жағынан камалар озаларға жақын, бірақ олар мұздық ішіндегі жəне
оның астындағы тасқындардың кеңейген орнында пайда болады.
Друмлиндер (ирланд тілінде,
dramlin – төбе деген мағына
береді) бір жүз метрден 2-3 км дейін
жететін ассиметриялы жал
тəрізді созылған дөңдерден тұрады. Олардың көлденең қимасы
100-200 метрден 2-3 км-ге дейін, биіктігі 5 метрден 45 метрге дейін
жетеді. Друмлиндер мұздықтың жылжу
бағытына қарай орналаса-
ды. Олардың мұздық қозғалатын жаққа қараған беткейлері де қарсы
беткейлері де құламалы тік болуы мүмкін. Друмлиндер мореналар-
дан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: