188
экзосфераға жіктеледі. Термосферада газдардың температурасы өте
жоғары болғанымен, ауаның сиректігіне байланысты осында орна-
ласатын Жердің жасанды серіктеріне қызып кету қаупі төнбейді.
Ионосферадағы иондалу Күннен келетін ультракүлгін радиа-
ция əсерінен жүреді. Ионосферада
ғарыштық бөлшектердің ауа
бөлшектеріне соқтығысуынан айрықша жарқырау пайда болады.
Жоғары ендіктерде байқалатын бұл электрлік құбылыстар
полярлық
шұғыла деп аталады.
Экзосферада өте жоғары жылдамдықпен қозғалатын жеңіл
газдардың бөлшектері ғарыш кеңістігіне шашырап кетеді.
Соңғы
кезге дейін экзосфера, сонымен
бірге жалпы Жер атмосферасы
2000-3000 км биіктіктен соң таусылады деген ұғым бар болатын.
Қазіргі заманғы ғарыш зерттеулері эксзосферадан шашыраған сутегі
Жердің айналасында шамамен 20 000 км биіктікке дейін созылатын
жер тəжі деп аталатын түзілісті құрайтыны анықталып отыр.
Қазіргі кезде ғарыштық техниканың көмегімен атмосфера
қабаттары қарқынды түрде
зерттеліп жатқанымен, оның жоғары
қабаттарының адамзатқа түсініксіз құпиялары əлі де болса жетерлік.
Достарыңызбен бөлісу: