184
қорғап, ұстап қалады. Атмосферадағы азоттың үлесі біртіндеп өсіп,
көмірқышқыл газының мөлшері өсімдік əлемі эволюциясы жəне ги-
дросферада су қоймалары көлемінің артуына байланысты біртіндеп
азайып, атмосфера қазіргі жағдайға жақындады (
91-сурет).
91-сурет. Қазіргі Жер атмосферасының құрамы
Атмосфера құрамындағы газдардың өзгерісі əр кезеңде климат-
тық жағдайға тікелей əсер етеді. Жердің
геологиялық тарихында
мұндай жағдай бірнеше рет қайталанды.
Климат өзгерістерін Жер шарының көптеген аудандарынан
қазіргі кезде де байқауға болады.
Оған климат қалыптастырушы
факторлар өзгерісі – Күннің қарқынды сəуле шашуы (11-жылдық,
22-жылдық – геомагниттік, ғасырлық), геомагниттік өріс əсерінің
күшеюі, атмосфераның жалпы циркуляциясындағы түрлі өзгерістер,
соңғы ғасырлардағы адам əрекетінің ерекше қарқын алуы жəне т.б.
жағдайлар себепші болуда.
Қазіргі кезде климаттың апатты құбылыстарын болжау жəне
олардың алдын алу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары
кеңінен жүргізілуде.
Қорыта келгенде, жоғарыда аталған биогеохимиялық проце-
стер атмосферада тек аз ғана температуралық өзгерістер диа-
пазонында жүзеге асты.
Достарыңызбен бөлісу: