Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет142/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

(конвергенция зонасы) фронттар мысал болады.
Жел жəне оның түрлері. Атмосфералық қысымның 
айырмашылғына байланысты ауаның горизонталь бағыттағы 
қозғалыстары жел деп аталады. Желдің жылдамдығы метр/се-
кундпен немесе баллмен (1 балл 2 м/с тең) өлшенеді, оны өлшейтін 
құралды анемометр деп атайды (102-сурет). 
102-сурет. Жел жылдамдығын өлшейтін құрал – анемометр 
Неғұрлым қысым айырмашылығы жоғары болса, желдің 
жылдамдығы да соғұрлым артады. Жел жылдамдығын 12 баллдық 
арнайы Бофорт шкаласымен (1874 жылы І Метерологиялық кон-
гресте бекітілген) анықтайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты 
білдірсе, ал 12 балмен жылдамдығы 30 м/с жоғары болатын апатты 
дауылдарды белгілейді 


200
Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. 
Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. 
Осыған сəйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румба) ажыратады: 
солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс 
(ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс 
(СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары 
мен қайталануы желдер розасы деп аталады (103-сурет). Жел 
бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайды. 
103-сурет. Желдер розасы
Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы цирку-
ляциясына енетін желдер жəне жоғары жəне төмен қысымды 
орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. 
Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлық желдер, фен-
дер, бораларсирокко, самум жəне т.б. жатады
Бриздер (француз тілінде, brise – жеңіл жел деген мағына береді) 
деп теңіздер мен үлкен көлдердің жағалауында байқалатын самал 
желдерді атайды. Олар су айдындары мен құрлық арасындағы тəулік 
ішіндегі температура мен қысым айырмашылығынан пайда болады. 
Күндіз жел теңізден жағалауға (теңіздік бриз), ал түнде жағалаудан 
теңізге (жағалық бриз) қарай бағытталады. Бриздердің жылдамдығы 
əдетте, 3-5 м/с, тропиктерде бұл көрсеткіш əлдеқайда жоғары бола-
ды. 
Теңіздік бриз құрлықта ауа температурасын төмендетіп, салы-
стырмалы ылғалдылығын арттырады. Мадрас қаласында теңіздік 
бриз əсерінен ауа температурасы 2-3
0
С төмендеп, ылғалдылық 


201
10-20%-ға жоғарылайды, ал Батыс Африкада бұл көрсеткіштер 
тиісінше, 10
0
С мен 40%-ды құрайды (104-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет