Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет137/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жылдық орташа температура – жыл ішінде (он екі ай бо-
йынша) байқалған орташа температуралардың арифметикалық орта 
шамасымен анықталады (97-сурет). 
97-сурет. Жылдық орташа температура көрсеткіші
Картадағы температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық – 
изотерма ( грек тілінде, isos – бірдей,  therma – жылу деген мағына 
береді) деп аталады. Ең жоғары жылдық ауа температурасы жылу 
экваторында байқалады. Ол географиялық экваторға сəйкес 
келмейді, оның орны шамамен 10
О 
солтүстік ендікке сəйкес келеді. 
Ол көрсеткіш шамамен 27
0
С-ге тең.
Оның басты себебі солтүстік жарты шарда құрлықтың аумағы 
үлкен, ал оңтүстік жарты шарда мұхит үлесі басым, сондықтан 


193
жылы басым көпшілігі буланушылыққа жұмсалады. Сонымен қатар 
Антарктида мұздықтары бетіндегі альбедоның жоғары болуы да 
өзіндік ықпал жасайды.
Изотерма сызықтары түзу сызық бойымен өтпейді. Өйткені 
ол материктер мен мұхиттар арқылы өтеді. Құрлық үстіндегі жер 
бедерінің абсолюттік биіктігі мен тау жоталарының жату бағыты да 
изотерма сызықтарының орналасуына əсерін тигізеді. Жыл ішінде 
байқалатын ең жоғары температура көрсеткіші – абсолютті мак-
симум, ең төменгі температура – абсолютті минимум деп аталады.
Жер шарындағы тіркелген абсолютті максимум +58
0
С – Сахара-
да, абсолютті минимум –89,2
0
С – Антарктида жерінде тіркелген.
Жер шары бойынша жылудың таралу ерекшелігіне қарай 5 жылу 
белдеуі қалыптасады:
1. Ыстық белдеу немесе тропиктік белдеу – екі жарты шардың 
+20
0
С изотермалары аралығында орналасады;
2. Қоңыржай белдеулер – Солтүстік жəне Оңтүстік жарты 
шардың ең жылы айларының +20
0
С жəне +10
0
С изотермалары 
аралығында орналасады;
3. Суық белдеулер (полярлық) екі жарты шардың ең жылы жылы 
айларының +10
0
С пен 0
0
С жəне одан да төмен температуралар тəн 
полюс маңы аймақтарында орналасады.
Осы 
температуралық 
ерекшеліктер 
өз 
тарапынан 
атмосфералық қысым өзгерістерінің қалыптасуына, басым 
желдердің бағыттарына, жауын-шашынның таралуына əсер 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет