Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


дары түрінде сақталады.  Ал материктер үстінде қоңыржай ендіктерде қалыптасатын  қысқы қысымдық максимумдардағы қысым көрсеткіші Солтүстік



Pdf көрінісі
бет139/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

дары түрінде сақталады. 
Ал материктер үстінде қоңыржай ендіктерде қалыптасатын 
қысқы қысымдық максимумдардағы қысым көрсеткіші Солтүстік 
Америка максимумында 1020 гПа болса, ал Азия максимумында 
1035 гПа жетеді. 
Жазда материктердің қоңыржай ендіктерінде қайтадан төмен 
қысым орнайды. Оңтүстік Азия жерінде өте үлкен аумақта төмен 
қысымды орталық пайда болады. Бұл өз тарапынан Үнді мұхитынан 
келетін муссондық циркуляцияның күшеюіне ықпал жасайды.
Тропиктік белдеулерді алып жатқан материктер жаз кезінде өте 
қатты қызатын болғандықтан, оның үстіндегі қысым көршілес мұхит 
бетіндегі қысым көрсеткішінен төмен болады. Сондықтан мұхиттар 
үстінде жыл бойында жоғары қысымды орталықтар қалыптасады. 
Олар Солтүстік Атлант (Азор), Солтүстік Тынық мұхиттық 
(Гавай), Оңтүстік Атлант, Оңтүстік Тынық мұхиттық, 
Оңтүстік Үнді максимумдары деп аталады.
Олардағы қысым көрсеткіштері бірдей нүктелерді қосатын 
сызықтарды изобара (грек тілінде, isos – бірдей, baros – қысым де-
ген мағына береді) деп атайды.


196
Изобаралар бір-біріне жақын болған сайын, қысым көрсеткіш-
тері тез арада өзгереді. Белгілі бір қашықтық аралығында (100 
км) атмосфералық қысым көрсеткішінің өзгеру мөлшері – қысым 
градиенті деп аталады.
Қысым көрсеткіші төмен орталықтарды қысымдық минимум
немесе циклон деп атайды. Қысым көрсеткіші жоғары болатын 
тұйық изобаралар жүйесі қысымдық максимум немесе антици-
клон деп аталады (99-сурет). 
99-сурет. Циклон жəне антициклон, қызыл-циклон, көк-антициклон
Циклон орталығында қысым төмен, сондықтан ауа спираль бо-
йымен циклон орталығына қарай жылжиды. Жылынған ауа өрлеген 
ауа ағынын түзеді де, циклондық режим орнап, атмосфералық жа-
уын-шашын түседі. Ал антициклон орталығында ауа төмендеген 
ауа ағынын түзіп, ондағы қысымды жоғарылатады. Ауа антици-
клон орталығынан жан-жаққа таралып кетеді де, ашық ауа райы 
қалыптасады.
Солтүстік жарты шардағы циклондық орталықтарда ауа ағыны 
сағат тіліне қарама-қарсы бағытта, ал антициклон орталығында 
сағат тілімен бағыттас қозғалады. Оңтүстік жарты шарда циклон 
мен антициклондағы ауа ағыны солтүстік жарты шарға қарама-
қарсы бағытта жүзеге асады. 
Циклондар мен антициклондардың ең жиі қалыптасатын аудан-
дары қоңыржай белдеу болып саналады. Олар диаметрі 4000 км, 
биіктігі 20 км-ге дейін жететін, үлкен еңкіштіктегі айналу білігі 
бар, үлкен алапты қамтитын желдер түрінде өтеді. Олар 40 км/сағат 


197
жылдамдықпен батыстан шығысқа қарай қозғалып, бірнеше тəулік 
бойы сақталуы мүмкін. Егер жер бетінің сипаты қолайлы болса 
(циклон үшін жылы, антициклон үшін салқын жер беті), бұл қысым 
орталықтары өз күшін ұзақ сақтауы да мүмкін.
Циклондардың ең апатты аудандары мұхит үстінде қалыптасатын 
– тропиктік циклондар болып табылады (100-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет