Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет153/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Субэкваторлық белдеулер экваторға жалғас жатқан екі жар-
ты шардың шамамен 5
о
жəне 20
о
ендіктер аралығын алып жа-
тыр. Географиялық орнына байланысты температуралық режимі 
экваторлық белдеуден аса үлкен айырмашылық жасамайды. Темпе-
ратура жыл ішінде екі рет (көктем, күз) жоғарылап, екі рет (қыс пен 
жаз) салыстырмалы түрде төмендейді. Қыс пен жаздың температура 
айырмашылығы 5
0
С-ге дейін жетеді. 
Əсіресе, бұл айырмашылық құрлық үстінде айқынырақ 
байқалады. Ауа массаларының жыл ішінде алмасуына байланыс-
ты субэкваторлық белдеудің жазы экваторлық белдеуге, ал қысы 
тропиктік белдеуге ұқсас. Өйткені жазда экваторлық муссондар 
аса мол ылғал, ал қыста құрлық үстінен соғатын тропиктік муссон 
құрғақ ауа əкеледі. Сол себепті жазы ылғалды, қысы салыстырмалы 
құрғақ болады. 
Осы ерекшеліктеріне байланысты субэкваторлық белдеу кли-
матын экваторлық немесе тропиктік муссондық климат деп 
атайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері көбінесе, 2000 мм-ден 
аспайды. Бірақ экваторлық муссондардың тау беткейлеріне тірелетін 
бөліктерінде жауын-шашынның мөлшері күрт көбейеді. 
Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді 
мекеніне Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең жоғары 
көрсеткіші тəн, мұнда жылына 12 000 мм-ден астам жауын-ша-
шын түседі. Мұнда экваторлық муссондардың енуіне байланысты 
жаздың төрт айында жылдық жауын-шашынның 90%-дан астамы 
түсіп үлгереді. Тек шілде айында ғана 2 464 мм жауын-шашын түссе, 
желтоқсан айында оның мөлшері бар болғаны 9 мм ғана болады.
Тропиктік белдеулер жыл бойы тропиктік ауа массаларының 
ықпалында болады жəне тропиктер үстіндегі орнына сəйкес, сондай 
ақ бұлттылықтың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол 
алады. Жылдық радиациялық баланс көрсеткіші 252·10
3
-294·10
3
Дж/
см
2
дейін жетеді. Мұнда жазда ауа массаларының температурасы 
өте жоғары, ал қыста салқынырақ. Мұндай климаттық жағдай ішкі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет