Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте  Су тұздылығының оның басқа қасиеттеріне əсері



Pdf көрінісі
бет164/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

12-кесте 
Су тұздылығының оның басқа қасиеттеріне əсері 
(Н. П. Неклюкова бойынша)
Тұздылық, 
0
/
00
0
5
10
15
20
24,7
30
35
40
Қату 
температурасы, 
0
С
0
--0,3 --0,5 -0,8 --1,1 -1,33 -1,6 -1,9
-2,2
Ең жоғары тығыз
дық байқалатын 
температура, 
0
С
4
2,9
1,9
0,8
0,3 -1,33 -2,5 -3,5
-4,5
Су баяу жылынып, баяу суынады. Бұл судың жылу 
сыйымдылығының өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Су құмға 
қарағанда 5 есе, темірмен салыстырғанда 10 есе жылуды бойына 
сыйғызады. Судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 
мың есе жоғары. 1 см
3
суды 1
0
-қа салқындату барысында 3 000 см
3
ауаны 1
0
-қа жылытуға жетерлік жылу бөлінеді. 
Дүниежүзілік мұхиттың ғаламшарымыздағы алып жылу 
жинақтағыш ретіндегі орны судың осы маңызды қасиетімен 
түсіндіріледі. Тіпті, кішігірім су айдынының маңында айрықша 
жұмсақ климаттың орнайтындығы да судың осы қасиетімен байла-
нысты.
Судың қасиеттері қысым мен температураға байланысты күшті 
өзгереді. Егер қысымы 1 атмосфера болатын таза су 0
0
шамасын-
да қатса, 600 атмосфера қысым жағдайында –5
0
С температурада 
қатады. Бұл заңдылық негізінде тығыздығы 20 670 атмосфераға 
жеткен су +76
0
С температурада қатуы тиіс. Мұндай «ыстық мұз» 
деп аталатын ерекше зат жоғары қысым байқалатын Жердің терең 
қойнауында кездесуі мүмкін. 
Температура өте төмен (-170
0
С), ал қысым аз болған жағдайда өте 
тығыз мұз қалыптасады, оның тығыздығы 2,32 г/см
2
жетуі мүмкін. 
Кристалдық құрылымы жоқ мұндай мұздар Күн жүйесіндегі суық 
ғаламшарларда кездеседі. 
Судың аталған ғажайып қасиеттері Жер шарында тіршіліктің 
пайда болып, дамуына жəне сақталуына жағдай жасайды. Өзінің 
қасиеттері арқасында су географиялық қабықта жүріп жатқан 
құбылыстардың барлығына дерлік қатысып, аса маңызды рөл 
атқарады (119-сурет). 


234


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет