Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет155/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Субтропиктік белдеудің жазы тропиктік белдеуге өте ұқсас, 
антициклондық режим басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда 
субтропиктер күн жылуын 20%-дай аз алады, сондықтан климаттың 
маусымдық сипаты айқынырақ байқалады. 
Жаз кезінде циклондық əрекеттер жиі қайталанады. Бел-
деу бойынша батыстан шығысқа жүрген сайын климаттың ішкі 
айырмашылықтары күшейеді. Батыс жағалық бөліктерге жазы 
құрғақ, қысы ылғалды болатын субтропиктік жерортатеңіздік 
климат сипаты тəн. Құрлық ішіне енген сайын климат континентті 
сипат алады. Шығыс жағалауда климат муссондық сипатқа ауысады. 
Қыс салыстырмалы түрде суық əрі құрғақ, ал жаз ыстық, ылғалды.
Қоңыржай белдеулерде жыл бойы қоңыржай ауа массала-
ры мен батыс желдері басым болады, тропиктік белдеулермен 
салыстырғанда едəуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. 
Қоңыржай климаттық белдеу əсіресе солтүстік жарты шарда өте 
көлемді болады, сондықтан радиациялық баланс солтүстігінде 
1260·10
2
Дж/см
2
оңтүстігінде 2100·10
2
Дж/см
2
дейін жоғарылайды. 
Температура белдеу ішінде солтүстіктен оңтүстікке жəне батыс-
тан шығысқа қарай өзгереді. Əсіресе, қысқы температура құрлықтың 
ішкі аудандарында күрт төмендеп, Орталық Азия антициклоны 
(Сібір антициклоны) қалыптасады. Мұның əсерінен Еуразияның 
солтүстік-шығыс бөлігінде Солтүстік жарты шардың суықтық 
полюсі (Оймякон, –71
0
С) орнайды. 
Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғанда біршама 
мол болғанымен, белдеу ішінде əркелкі таралады. Материктердің ба-
тысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының 
батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа 
қарай ауа ылғалынан айрылып, континенттік сипат алады, жауын-
шашын күрт азаяды. 
Ал материктердің шығыс жағалауларында мұхиттардан келетін 
жазғы муссон ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын 
мөлшері қайтадан артады. Белдеу ішінде батыстан шығысқа қарай 
климаттық облыстар ажыратылады. Оларда: қоңыржай теңіздік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет