Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет201/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Мұздықтар қазіргі кезде құрлық ауданының шамамен 11%-ға 
жуығын алып жатыр, яғни 15 млн км
2
құрлық аумағы мұздықтармен 
жабылған. Мұздық деп əдетте, қатты күйде түсетін жауын-
шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін 
көп жылдық мұз қабатын атайды.
Мұздықтарда 24,8 млн км
3
тұщы су жинақталған, бұл 
ғаламшардағы тұщы су қорының 70%-ға жуығын құрайды. Бұл ора-
сан зор мұз массасын құрылық бетіне жайып, таратса, қалыңдығы 
160 метрге жететін қабат пайда болар еді. Ал мұздықтар толығымен 
еріген жағдайда, Дүниежүзілік мұхиттың деңгейі 60 метрден астам 
көтерілер еді. 
Мұздықтар жауған қардың жентектеліп, мұз массасы – фирнге
оның ауырлық күшіне байланысты тығыздалып, глетчерге (мұздық 
мұзы) айналуынан түзіледі. Бұл күрделі процесс əдетте бірнеше 
ондаған жылдарға, ал Антарктиданың орталық бөлігінде тіпті, 1000 
жылға дейін созылады.
Мұздықтардың қалыптасуына ең алдымен, климат əсер етеді, 
яғни температура төмен, жауын-шашын мөлшері көбірек болған 
сайын мұздықтардың түзілу мүмкіндігі артады. Поляр маңы ау-
дандарында жауын-шашын өте аз болғанымен температура жыл 
бойы төмен болғандықтан, осы аз ылғалдың өзі буланып кететіндей 
жағдай жоқ. Ал жыл бойы жоғары температуралар басым болатын 
төменгі ендіктерде мұздықтар өте биікте (4000-6000 м) орналасады. 
Құрлық мұздықтарын жамылғы (Антарктида мен Гренланди-
яны, арктикалық аралдарды жауып жатқан тұтас мұз жамылғысы) 
жəне тау мұздықтары деп екіге бөледі. 
Жалпы ауданы 12,5 млн км
2
болатын Антарктида мұздықтарының 
қалыңдығы 4,5 км-ге жетеді, орташа көрсеткіш 2 мың км-ге тең. 
Антарктидада таулар түгелімен дерлік мұздықпен жабылған, ең 
биік шыңдар ғана мұз бетінен көтеріліп, шығып тұрады. Мұндай 
жартастарды нунатак (эскимос тілінде, нуна – жалғыз, так – 
жартас дегенді білдіреді) деп атайды. Антарктида мұздықтарының 
шеткі бөліктерінен сынған мұздар кейде ашық мұхит арқылы басқа 
аймақтарға ығысады, оларды мұзтаулар (айсберг) деп атайды 
(132-сурет). 
Көлемінің 90%-ға жуығы суастында жататын мұзтауларда 
жинақталған таза су жинақталған. Сондықтан Антарктида 
мұзтауларын шөлді аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету 
мақсатында пайдалану жобалары жасалуда. Гренландияда мұздықтар 
ауданы 1,7 млн км
2
-ді құрайды, қалыңдығы 2,5 км-ге жетеді.


283


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет