Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет202/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

132-сурет. Антарктида жағалауындағы мұзтаулар
Тау 
мұздықтары 
жамылғы 
мұздықпен 
салыстырғанда 
пішіндерінің, көлемінің əртүрлі болуымен ерекшеленеді. Олар 
тау төбелерінде, беткейлерде жəне аңғарларда орналасады. Ең көп 
таралғаны – аңғарлық мұздықтар, олардан тау өзендері бастау алады. 
Аңғардың бұл түрі трог (неміс тілінде, trogастау деген мағына 
береді) деп аталады. 
Аңғарлық мұздықтар кейде тарамдалып, ағаш тəрізді пішінге 
ие болады. Мұндай тау мұздықтары өте ұзын болады; Аляскадағы 
Хабборт мұздығының ұзындығы 145 км жетеді. Ылғалды ауа 
массаларының жолында жатқан тау жоталарында таудың ішкі 
аудандарына қарағанда, мұздықтар күшті дамыған.
Мұздықтар жылжып, қазу арқылы төсеніш қабаттың сипатын 
өзгертеді, тау жыныстарының тасымалдануына себепші болады, жер 
бедерін айрықша мұздық пішіндерін қалыптастырады. Мұздықтың 
тасымалдаған жыныстарын жалпы атпен морена деп атайды. 
Мореналық үйінділерді тау етектерінен жиі кездестіруге болады. 
Мұздықтар Дүниежүзілік ылғал айналымында маңызды рөл 
атқарады. Мұздықтардың түзілуінде климат жағдайлары басты 
орын алса, керісінше мұз жамылғысы альбедо құбылысы көмегімен 
ауа температурасын төмендетеді. Мұздықтың үстіндегі ауаның 
құрамында ылғал мен шаң-тозаң өте аз болады, сол себепті жылу 
сіңірілмейді. Мұздықтардың ауданының өзгеруі гидросфераның 
ғана емес, бүкіл географиялық қабықты қамтитын кері өзгерістерге 
алып келуі мүмкін. 
Жер қыртысының жоғары қабаттарына сіңген сулар құрлықтағы 
жерасты суларын құрайды. Олардың пайда болуы жауын-
шашын мөлшерімен тығыз байланысты, бірақ су айналымы тұйық 
болмағандықтан жер қыртысына мантиядан да едəуір мөлшерде су 
келеді. Су айналымына тұңғыш рет түсіп тұрған мұндай суларды 
ювенильді (латынша «juvenіlіs» – жас деген мағына береді) сулар 
дейді. 


284
Жер қыртысында су бос күйде ғана емес, минералдардың 
құрамында да кездеседі. Жерасты сулары əдетте, су өткізгіш қабатта 
жинақталады, олар су өткізбейтін қабатпен кезектесіп келеді. Жер 
бетіне жақын жатқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан 
сулы қабаттағы сулар грунт сулары (неміс тілінде, grund – топырақ, 
негіз деген мағына береді) деп аталады, оларды еспе сулар деп те 
атайды. 
Олардың қысымы жоқ, су деңгейі жыл мезгілдері бойынша 
өзгеріп отырады. Жауын-шашын мөлшері артқанда су деңгейі 
көтеріледі, құрғақ кезеңде төмендейді. Еспе сулар 3-30 метрге дейін 
тереңдіктер аралығында таралады. 
Неғұрлым тереңде жатқан қабат аралық сулардың ішінде арте-
зиан суларының маңызы зор. «Артезиан» атауы Франциядағы Артуа 
провинциясының атымен байланысты, мұнда 1126 жылы терең ар-
тезиан құдығы қазылған болатын. Қазақстан аумағының өзінде 70 
астам артезиан алабы анықталған. 
Жерасты сулары жату тереңдігіне қарай ғана емес, химиялық 
құрамына, температурасына байланысты да айырмашылық жасай-
ды. Температурасы +20
0
С-ден аспайтын жерасты сулары – суық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет