278
Басты қоректену көзіне жəне климат жағдайларына байланысты
өзеннің режимі, белгілі бір мерзім (тəулік,
жыл мерзімі, жыл)
ішіндегі деңгейінің өзгерістері анықталады. Осыған сəйкес, жазы
құрғақ жерортатеңіздік климат жағдайында өзендер қыста мол сулы
болады.
Муссонды климат тəн болатын Оңтүстік жəне Шығыс Азияда
мол жаңбыр əсерінен жазда өзен деңгейлері шамадан тыс көтеріліп,
апатты тасқындар жиі болады. Ал Амазонка мен Конго жыл бойы
жаңбыр мол жауатын
аумақтар арқылы ағатындықтан, деңгейлері
жыл бойы үлкен өзгеріске түспейді.
Климат жағдайлары аумақтағы өзен торының жиілігіне, ағын
мөлшеріне, режиміне тікелей əсер етеді. Сондықтан да белгілі орыс
климатологы
А. И. Воейков «Өзендер – климаттың өнімі» деп атап
көрсеткен.
Адамзат қоғамы да ерте кездерден
бері өзінің шаруашылық
əрекеті арқылы өзендерге елеулі түрде ықпал етуде. Адамзат
тарихындағы алғашқы өркениеттер мен қалалар, мəдениет ошақтары
өзен бойларында пайда болған. Əсіресе, Месопотамия,
Ежелгі
Египет, Ежелгі Қытай жəне Үнді өзендік өркениеттері дамудың
шырқау шегіне жеткен.
Қазіргі кездің өзінде аса ірі қалалардың, өнеркəсіп орталықтары-
ның көпшілігі, сондай-ақ аса маңызды ауылшаруашылықты алқаптар
өзен бойларында орналасқан. ХХ ғасырда адамның шаруашылық
əрекетінің өзендер режиміне кері ықпалы қарқындай түсті.
Өзен суын өнеркəсіп
пен ауыл шаруашылығының, тұрмыстық
қажеттерге
пайдалану
қарқынының
артуы,
алуан
түрлі
гидротехникалық құрылыстардың (бөгендер, каналдар, бөгеулер)
салынуы өзендердің ластануына, режимінің бұзылуына əкеп соғуда.
Əрбір өзен біртұтас табиғат кешенінің бір бөлігі болып табылады,
сондықтан өзендер режимінің кері өзгерістері табиғаттың басқа да
компоненттерінің өзгерістерін тудыратыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: