Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет197/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

мұхит жылы деп жарияланды. Осы іс-шаралар аясында теңіз 
мысықтары, дельфиндер мен киттердің санының күрт азаюына 
байланысты оларды аулауға қатаң тиым салынған.
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу мен қорғау 
жұмыстары заманауи құрылғылар орнатылған Жер серіктерінің 
көмегімен қашықтықтан зондтау əдістері арқылы жүзеге асырылады.
6.6. Құрлық сулары. Тұщы су проблемалары
Құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар мен батпақтар, 
жерасты сулары, сондай-ақ жасанды су көздері (бөгендер, каналдар, 
тоғандар) жатады. Құрлық суларын орналасу орнына байланысты 
беткі су жəне жерасты сулары деп бөледі. Беткі сулар құрлық 
суының 2/3, жерасты сулары 1/3 бөлігін құрайды. Су айналымы 
шеңберінде құрлық сулары да қамтылады. 
Құрлық суының ең маңызды бөлігін өзендер жүйесі құрайды. 
Өзендер суының көлемі гидросфера ауқымымен салыстырғанда 
аз болғанымен, олар су айналымында өте маңызды орын алады. 
Өзендерде батпақтарға қарағанда, 4 есе, көлдерге қарағанда 60 есе аз 
су (2000 км
3
) жинақталған, бірақ оның суы алмасу үшін бар болғаны 
11 күн қажет (батпаққа – 5 жыл, ағынды көлге – 17 жыл) болады. 
Өзен – өзі жасап, өңдеген арнамен ағатын табиғи су ағыны. Өзен 
жүйесі басты өзенді жəне оның салаларын қамтиды. Өзен – күрделі 
табиғи жүйе, ол көптеген құрамдас бөліктерден тұрады. Өзен жүйесі 
суын жинайтын аумақты өзеннің су жинау алабы деп атайды. 
Дүние жүзі өзендері арасында алабы ең үлкен өзен Амазонка болып 
табылады, оның су жинау алабы 7 млн км

жуықтайды. Өзендер 
өздері барып құятын теңіздер мен мұхиттардың алаптарына енеді. 
Жалпы алғанда, құрлықтың барлық өзендері Атлант жəне 
Солтүстік Мұзды мұхиттың, Тынық жəне Үнді мұхитының 
алаптарына, сондай-ақ ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптар 
арасындағы шекара суайрық деп аталады. Таулы аудандарда 
суайрық көбінесе, тау жоталарының қырқасына сəйкес келеді. 
Жазықтарда, əсіресе, батпақты, тегіс жерлерде суайрық бұлай айқын 
ажыратылмайды. 
Кейде бір өзеннің өзі екі алапқа бағытталған бөліктерге 
ажырап кетуі мүмкін. Сирек кездесетін бұл құбылысты өзеннің 
бифуркациясы деп атайды. Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзені 


277
жоғары ағысында екіге айрылады; бір бөлігі Ориноко атауын сақтап, 
Атлант мұхитына құйса, екіншісі (Касикъяре өзені) Амазонканың 
саласы – Риу-Негру өзеніне барып қосылады. 
Кез келген аумақтың су ресурстарына баға бергенде ондағы 
өзен торының жиілігін анықтайды. Өзен торының жиілігі деп 
өзен жүйесіне енетін барлық өзендердің жалпы ұзындығының алып 
жатқан ауданына қатынасын (км/км
2
) айтады. 
Бұл көрсеткіш табиғат жағдайларына тікелей байланысты 
болады, тауларда жазықтарға қарағанда, өзен торы əлдеқайда жиі. 
Кавказ тауларында өзен торының жиілігі 1,5 км
2
жетсе, тау алды 
жазығында бұл көрсеткіш 0,05 км
2
шамасында ғана болады. 
Климаты ылғалды аудандарда құрғақ аудандарға қарағанда 
өзен торы жиірек. Қазақстанның жауын-шашын көбірек түсетін 
солтүстігінде өзен торының жиілігі əрбір шаршы километрге 0,04-
0,06 км-ден келсе, оңтүстіктегі шөл зонасында бұл көрсеткіш 0,005 
км-ді құрайды.
Өзеннің маңызды сипатының бірі – оның су шығыны мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет