281
Өлі теңіз – ұзындығы 80 км, ауданы 940 км
2
болатын
тұзды
көл. Ол екі қазаншұңқырдан тұрады: оңтүстік бөлігінің тереңдігі
бірнеше метр ғана, мұнда калий тұзын өндіріледі. Ал солтүстік
қазаншұңқырдың тереңдігі 403 метрге жетеді, бұл Жер шарындағы
теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер. Өлі теңіздің əрбір литр
суында 322 г тұз бар, яғни тұздылық 322
0
/
00
-ге жетеді.
Егер бұл көл кеуіп қалған болса, оның орнында қалыңдығы 21 м
тұз қабаты қалар еді. Ғалымдар Өлі теңіздегі еріген тұз мөлшері 44
млрд т шамасында екенін айтады. Өлі теңіздің минералды тұздары
мен саз балшықтары қазіргі кезде емдік мақсатта кеңінен пайдала-
нылады (
131-сурет).
131-сурет. Өлі теңіздегі тұз кристалдары
Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром
жəне т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің
қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған.
Көлдерде балық
шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланы-
лады.
Тұщы көлдер елді мекендер мен кəсіпорындарды сумен
қамтамасыз етеді, тұзды (минералды) көлдерді емдік мақсатта пай-
даланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы əсер етеді;
климаттың континенттілігін азайтады,
ауаның ылғалдылығын арт-
тырады.
Адамның шаруашылық əрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің
шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі (күкіртсутектің
пайда болуы) əсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттегінің
мөлшері азаяды. Бұған егістік алқаптардан келетін,
құрамында
фосфор мен азот бар қалдық сулар, көлдің су жинау алабындағы
антропогендік өзгерістер де себепші болады.