Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет227/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

сары топырақ (ферралитті) таралған. Аналық жыныстардың үгілу 
қабығы 20 метрге дейін жетеді. 
Жоғары температура мен артық ылғал жағдайында биологиялық 
айналым өте жылдам жүреді. Түзілген қоректік заттар топырақта 
емес, өсімдіктер бойында жинақталады. 
Сондықтан орман жаппай кесілген жағдайда бұл аудандар көп 
ұзамай жарамсыз жерлерге айналады, өйткені қарқынды жүретін 
шайылу процесі апатты эрозиялық тілімденуге əкеліп соғады.
Табиғат жағдайы мен ландшафт түрлерінің биіктікке қарай 
өзгеру заңдылығы биіктік белдеулілік деп аталады. Белдеулердің 
алмасуы биіктікке қарай таудың етегінен басталады. Жазық жермен 
салыстырғанда, алмасу өте жылдам жүреді, 100 метр биіктіктегі 
өзгеріс жазық жердегі 80-100 километрлік табиғат өзгерісімен 
деңгейлес болып келеді. 
В. В. Докучаев негіздеген биіктік белдеулілік заңдылығы бойын-
ша биікке көтерілген сайын температура төмендеп, ылғал мөлшері 
белгілі бір биіктікке дейін артады. Белдеулердің жиынтығына тау 
беткейлерінің жату бағыты, еңкіштігі, бұлттылық дəрежесі де 
ықпалын тигізеді. 
Əрбір тау жүйесінің өзіне тəн биіктік белдеулер жиынтығы 
бар. Ол тау жүйесінің географиялық орны мен биіктігіне, тау 
жоталарының жату экспозициясына байланысты қалыптасады. 
Неғұрлым солтүстікке қарай орналасқан Скандинавия таула-


317
ры тундра, орманды тундра, тайга өсімдіктерімен шектелсе, ал 
оңтүстіктегі Кавказ тауында жалпақ жапырақты ормандардан бас-
тап, мəңгі қар мен мұздықтарға дейін кездеседі (139-сурет).
139-сурет. Кавказ тауының шығыс беткейіндегі биіктік белдеулілік
Биіктік белдеуліліктің күрделенуіне тау жүйесінің мұхиттан
алыс-жақындығы да əсер етеді. Тибет таулы қыраты аса биік 
болғанына жəне оңтүстіктегі орнына қарамастан, материк ішіндегі 
орнына байланысты биік таулық шөл климаты жағдайында, қиыршық 
тасты суық шөлдердің таралуымен əйгілі. Тек өзен аңғарлары бой-
ында ғана тоғай жолақтары таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет