314
Шайылу күшті жүретіндіктен
топырақ күлгін (күл түстес), кейбір
жерлерде тайганың
мəңгі тоң топырағы да кездеседі. Өсімдік өте
үлкен алқаптарда біртектес болып келеді, негізгі ағаштары шырша,
қарағай, бал қарағай. Еуразияның
шығысында самырсын басым
өседі.
Аралас жəне жалпақ жапырақты ормандар зоналары
материктердің теңіз жағалық бөліктеріне таяу орналасады.
Аралас
орман астында шымды-күлгін, ал жалпақ жапырақты орманда сұр-
қоңыр орман топырағы таралған (орман ағаштарының түрлерін
естеріңе түсіріңдер).
Орманды дала қоңыржай белдеудегі орман мен дала зонасы
арасындағы өтпелі зона болып табылады. Табиғи өсімдіктер сипаты-
на қарай орманды дала зонасы жалпақ жапырақты, қылқанды-ұсақ
жапырақты орманды дала зоналарына жəне прерийге ажыратылады.
Прерий Солтүстік Америкадағы Сеңгір таулардың шығыс етегін
бойлай орналасқан орманды дала зонасы, кейде оны дала зонасына да
жатқызады. Прерий жеткілікті ылғал жағдайында
қара топырақта
таралған биік əрі бітік шөптесінді өсімдіктерден тұрады.
Қазіргі
кезде мұндағы табиғи өсімдіктің түр құрамы өте күшті өзгеріске
ұшыраған. Осыған ұқсас ландшафт түрлерін Оңтүстік
Америка
мен Шығыс Азияның субтропиктік белдеуінің шығыс бөліктерінен
кездестіруге болады.
Дала зонасы солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі мен
екі субтропиктік белдеулерде орналасқан. Дала зонасын түгелімен
дерлік шөптесінді өсімдіктер алып жатыр.
Ағаштардың өспеуі
ылғалдың жетіспеуімен түсіндіріледі. Ағаштар өзен аңғарларының
бойында ғана шоғырланған, оларды
галереялы ормандар деп атай-
ды.
Активті температура жиынтығы 2000-4000
0
С-ге дейін жетеді.
Қоңыржай белдеуде өте құнарлы
қара жəне
күңгірт каш-
Достарыңызбен бөлісу: