Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет249/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Кешенді талдау əдісі – палеогеографиялық зерттеулер жүргізуде 
ең тиімді əдіс-тəсілдерді таңдаумен қатар, зерттеу қорытындыларын 
түсіндірудің де жолдарын қарастырады. Палеогеографиялық 
қорытынды алуан түрлі мəліметтер жүйесін талдау негізінде жаса-
лады
Күрделі оксидтер – оттегінің екі немесе бірнеше металдармен, 
кейде əртүрлі валентті бір металмен қосындылары.
Кристалл жер қойнауындағы түрлі физикалық-химиялық 
процестер нəтижесінде табиғи жолмен түзілген, көп қырлы, 
симметриялы химиялық заттар немесе саф кесек денелер.


394
Көміртекті əдісорганикалық қазба қалдықтарының 
құрамындағы көміртегінің радиоактивік изотопын (С
14
) анықтауға 
негізделген. Бұл изотоп атмосфера қабатында ғарыштық сəулелердің 
азотқа тигізген əсеріне байланысты құралады.
Коллизия – екі немесе одан да көп материктік литосфералық 
тақталардың өзара соқтығысу ауданы. Осындай жолмен ежелгі 
Тетис мұхитының орнында Альпі-Гималай қатпарлы белдеуінің 
биік таулар жүйесі қалыптасқан. Тақталардың өзара кірігуі əлі де 
жалғасуда, оны осы аймақтағы сейсмикалық белсенділіктің жоғары 
болуы дəлелдейді.
Қабат – табиғи жағдайда қалыптасқан екі бағытта созыла келген, 
ал үшінші бағытта қысқаша келген шөгінді тау жыныстарынан 
құралған геологиялық дене. 
Қазіргі тектоникалық (неотектоникалық) қозғалыстар 
қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын, сонымен бірге 
аспапты бақылаумен зерттелетін жер қыртысының қозғалысы.
Қарапайым оксидтер – бір ғана химиялық элементтің оттегімен 
қосылысы.
Қатпар – қабаттардың толқын тəрізді иілуі.
Лесс негізінен диаметрі 0,1-0,01 мм аралығындағы өте ұсақ 
бөлшектерден тұратын құмайтты, жақсы іріктелген таужынысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет