Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет246/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Геологиялық қима (разрез) – ойша жүргізілген тік жазықтықта 
тау жыныстарының жер бетінен белгілі бір тереңдікке дейін 
орналасу, жату жағдайын жəне таралуын көрсетеді. Геологиялық 
қима геологиялық карта көмегімен кейде дəлірек болу үшін бұрғылау 
жұмыстарының, геофизикалық зерттеу деректерін пайдаланып та 
жасалады.
Геологиялық процестер – Жердің ішкі қойнауында жəне бетінде 
үздіксіз жүріп жатқан, əрі Жердің ішкі құрылысына, құрамына, 
оның жер бедері пішіндеріне тікелей əсер ететін процестер немесе 
əрекеттер.
Геоморфологиялық карталар далалық геоморфологиялық 
зерттеу материалын толығымен анық, қорытып, графикалық 
тəсілмен көрсететін құрал. Геоморфологиялық карталар өздерінің 
масштабына, мазмұнына жəне койылған мақсатына қарай əртүрлі 
болып келеді.
Геосинклиналь – соңғы тау жасалу нəтижесінде ішкі күштердің 
ықпалы күшті байқалатын, қатпарлану, жер сілкіну жəне жанар-
тау атқылау процестері қатар жүретін, литосфералық тақталарды 
өзара біріктіретін немесе материктердің жағалық бөлгінен оларды 
ұлғайтатын жер қыртысының қозғалмалы аймағы.
Геохронологиялық кесте – жер қыртысы құрылымының 
алуан түрлілігі, оның ұзақ геологиялық даму кезеңдерінен өтуі, 
эралар мен дəуірлердің аттары, олардың ұзақтығы, сол кезеңдегі 
басты геологиялық оқиғалар мен тіршіліктің дамуы, қалыптасқан 
пайдалы қазбалар түрлерін көрсететін кесте. Дəуірлердің аттары сол 
дəуірге сəйкес келетін тау жыныстарының сипатына (таскөмір, бор), 
олардың алғаш табылған орнына (кембрий, девон, пермь) немесе 
басқа себептерге (ордовик, силур – Ұлыбритания жеріндегі ежелгі 
тайпа атаулары) байланысты да қойылған. Сол сияқты кейбір кезең 
аттары олардың жасына (архей, мезозой, палеоген, неоген) сəйкес 
аталады.
Гумидтік климат  аса ылғалды климат.
Делювийлік беткейлер - жиі тор тəрізді тілімденген, жаңбыр 
немесе қар сулары ағындарының əсерінен борпылдақ бос 


392
жыныстардың төмен қарай орын алмастыру нəтижесінде пайда 
болған еңіс көтеріңкі жазықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет