75
Сатурн – Күннен алтыншы кезекте орналасқан ғаламшар.
Сатурнның массасы Жер массасынан 95 есе артық. Оның диаметрі
Жер диаметрінен 9,46 есе артық, ұзындығы 120 420 км тең. Өз
білігінен 10,14 сағатта бір рет айналып өтеді. Күннен
орташа
қашықтығы 800 млн км (максимум 1млрд 429 млн км), орбита бойы-
мен 29,5 жылда бір рет айналып шығады.
Сатурн – Күн жүйесіндегі ерекше ғаламшар, оның басты
ерекшелігі экватор маңында сақинасының болуы. Сақинаның
диаметрі 274 мың км, ғаламшар
диаметрінен екі есеге жуық
үлкен. Сақина жазықтығы орбита жазықтығына 29
о
еңкіштікпен
орналасқан. Əрбір 14-15 жылда сақина қырынан бұрылып, Жерден
көзге көрінбей қалады.
Сақинаның қалыңдығы 2 км шамасында, ғарыштан жасалған
бақылаулар нəтижесінде оның арақашықтығы түрліше,
бірнеше
жіңішке шеңберлер жиынтығынан тұратыны анықталған.
Сақина силикатты қатты заттардан, бірнеше миллиметрден
бірнеше метрге жететін мұзды жентектерден құралған.
Сатурн
сақинасын ең алғаш рет 1610 жылы
Галилео Галилей көрген бола-
тын (
24-сурет).
Осыдан жарты ғасыр өткенде голланд ғалымы
Христиан Гюй-
Достарыңызбен бөлісу: