Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет53/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

эффектісі» өте күшті жүреді. Ауа құрамында су буының болу 
мүмкіндігі өте төмен. Ауа температурасының орташа көрсеткіші 
+500
0
С, сондықтан тіршіліктің пайда болуына негіз жоқ.
Атмосфераның 35-70 км аралығында ауа өте тығыз, төменгі 
қабаты басым түрде көмір қышқыл газынан тұрады, одан жоғары 
ауа құрамында күкірт қышқылының үлесі артады. Радиозонд 
мəліметтеріне негізделе отырып, ғалымдар 40 км биіктікте өте 
қуатты құйындар мен күшті дауылдардың соғу мүмкіндігін пайым-
дайды. 
Ал ғаламшардың беткі бөлігінде температуралық ауытқушылық 
болмағандықтан желдердің жылдамдығы 3 м/с аспайды. Оған «Ве-
нера» радиозондтарының қонған жерінде тіпті шаң көтерілуінің де 
байқалмауы дəлел болады. 50 км биіктікте температура мен қысым 
Жер бетіндегі көрсеткіштерге жақындайды. Одан жоғары сирек ауа 
қабаты 5500 км дейін созылады. 
Шолпан ғаламшарын ғалымдар болашақта ғарыш əлемін зерт-
теу кезінде ғарыш кемелерін қосымша жабдықтау үшін ғарыш 
аралық станциялар салу мақсатында пайдалануға болады деп 
есептейді.


69
Жер – Күннен үшінші орналасқан ғаламшар, оның табиғи 
серігі – Ай. Бұл аспан денелеріне жеке тақырыпта кеңінен мағлұмат 
беріледі.
Марс – Күннен Жермен салыстырғанда 75 млн км қашық 
орналасқан. Сондықтан Марстағы тəулік ұзағырақ, күн энергия-
сы 2,5 есе аз түседі. Марстың өз білігінен айналу периоды Жердің 
көрсеткішіне жақын, 24,62 сағатқа тең, яғни күн мен түннің алмасуы 
жердегі тəрізді болып келеді. 
Марстың орбитасы созылыңқы болып келгендіктен, оның 
Күнмен арақашықтығы айналым кезінде 21 млн километрге өзгеріп 
отырады. 
Оның өз білігінен еңкіштігі (65
о
) жыл мезгілдерінің байқалуына 
жəне ыстық экваторлық, екі қоңыржай, екі полярлық климаттық 
белдеулердің ажыратылуына себепші болады. Алайда, күн сəулесінің 
жетімсіздігі əсерінен жылу белдеулері мен жыл мезгілдерінің 
айырмашылығы айқын байқалмайды. 
Əрбір 15-17 жылда Күн, Жер жəне Марс бір сызықтың бойымен 
орналасқан кезде («ғаламшарлар парады») Марс жерге барынша 
жақындайды, ол қашықтық 50-60 млн км тең, ал оның Жерден ең 
қашық орналасуы 400 млн километрге дейін жетеді. Марстың Жерге 
ең соңғы рет жақындауы 2003 жылы байқалған. 
Есептеулер бойынша Марс массасының 9%-ға жуығын ядро 
құрайды, ол сұйық күйдегі темір мен оның қоспаларынан тұрады. 
Жер қыртысының қалыңдығы 100 км дейін жетеді. Олардың 
аралығында темірмен байытылған силикатты мантия орналасқан. 
Марстың «қызыл ғаламшар» деп аталуы да осы темір тотықтарының 
басым болуымен түсіндіріледі. 
Марс аспаны қара-көк түсті болып келеді, жарық жұлдыздар 
күндіз де анық көрінеді. Марс атмосферасының тығыздығы Жер 
атмосферасымен салыстырғанда 130 есе төмен, 0,01 атмосфера ша-
масында. Ауа өте сирек, басым түрде көмір қышқыл газынан тұрады 
(21-сурет).
Марс салқын ғаламшар, онда байқалған ең төмен температура 
-139
0
С Тəуліктік температура айырмашылығы 100
0
С дейін жетеді. 
Экватор маңында күндізгі температура +10-20
0
С, ал полюстерде – 
100
0
С-ден төмен болады. 40 км биіктікте озон қабаты орналасқан. 
Марста екі полюсті магнит өрісі таралған. Экватор маңындағы 
магниттік өріс күші жер магнетизмінен 500 есе əлсіз болып келеді.


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет