106
бар тау жыныстарының жинақталуынан түзіледі. Магнетит, гематит
жəне құрамында басқа темір тотықтары бар тау жыныстарын зерт-
теу барысында, əрбір дəуірге сəйкес қалдық магниттіліктің бар екені
анықталған.
Жердің магниттік өрісі Жер ғаламшарының қалыптасуы
кезінде біртіндеп жинақталғаны жəне
бірнеше рет орнын ауысты-
рып, инверсияға ұшырағаны белгілі. Зерттеу мəліметтеріне сəйкес
Солтүстік жəне Оңтүстік магнит өрістерінің əрбір орын ауыстыруы-
на кеткен уақыт 500 мың жыл шамасында деп есептеледі.
3.3. Жер – Ай жүйесі арасындағы байланыстар
Жердің бір ғана табиғи серігі – Ай, ол 384 000 км қашықтықта,
Жерге ең жақын орналасқан,
өзінен жарық шығармайтын
аспан денесі. Ол Жерді эллиппстік орбита бойымен 1,02 км/с
жылдамдықпен айналады.
Ай орбитасының жазықтығы Жер орбитасы жазықтығына 5
о
9’
бұрышпен еңкіш орналасқан. Ай мен Жердің орбиталарының түйісу
нүктесі –
Ай орбитасының түйіні деп аталады.
Ай – Жер табиғаты мен тіршілік дүниесіне елеулі түрде ықпал
етеді. Өйткені Айдың параметрлері мен құрылымы ғаламшар
өлшемдеріне жақын болып келеді. Айдың өз білігінен де, Жерді ай-
нала қозғалу уақыты да қатар болғандықтан Айдың Жерден тек бір
жағы ғана (59%-ға жуығы) көрінеді.
Айдың бізге көрінбейтін қалған бөлігі (41%-ы) ғарыш аппарат-
тары көмегімен фотосуретке түсіріліп, Айдың екі бетінің де картасы
жасалынды.
Айдың көрінетін жəне көрінбейтін бөлігі арасындағы шекараны
–
терминатор деп атайды.
Жерден қараған адамға Айдың
пішіні фаза бойынша өзгеріп
отырады. Ол фазалардың өзгеруі Айдың эллипстік орбита бойымен
шығысқа қарай 13
о
-тай жылжуына байланысты: Жаңа Ай, Алғашқы
Жарты Ай, Толық Ай, Кейінгі Жарты Ай деп аталады, фазалардың
толық ауысуы немесе бірдей екі фазалардың арасындағы уақыт –
Достарыңызбен бөлісу: