101
Жердің тəуліктік айналымының географиялық салдарлары:
1. Күн мен түннің ауысуы, яғни берілген нүкте көкжиегінің
жазықтығына қатысты Күн орнының тəулік барысында өзгеруі;
2. Орталық іштен тебу күшінің полюстен экваторға қарай өсуіне
байланысты полюстер маңында Жер екі бүйірінен сығылыңқы бо-
лады;
3. Қозғалыстағы денеге əсер етуші Кориолис күшінің болуы.
Жер айналымының бұрыштық жылдамдығы көбейген сайын, Кори-
олис күші де артып отырады;
4. Ауырлық күшін беретін орталық іштен тебу күші мен тарты-
лыс күшінің суперпозициясы жүзеге асады.
Орталық іштен тебу
күші полюстерде нөлден экваторда
ең жоғары мағынасына дейін
өседі. Орталық іштен тебу күші экватордан полюске қарай азаюына
сəйкес, керісінше ауырлық күші осы бағытта артып, полюстерде ең
жоғары көрсеткішке жетеді (ол мұнда тартылыс күшіне тең дəрежеде
болады).
Достарыңызбен бөлісу: