Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Жер бедерінің негізгі түрлерінің таралуы



Pdf көрінісі
бет97/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

4.4. Жер бедерінің негізгі түрлерінің таралуы
Жер бетінің кез келген бөлігі бірнеше рет қайталанып отыратын, 
əрқайсысы бірнеше жер бедері түрлерінің күрделі жиынтығынан 
құралып, алма-кезек ауысып келетін жекелеген жер бедерінен 
тұрады. 
Жер бедері пішіндері құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: 
• Оң пішінді жер бедері (материктер, таулар, қыраттар жəне 
т.б.);
• Теріс пішінді жер бедері (мұхит шаралары, өзен аңғарлары, 
жыралар жəне т.б.) болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Сонымен қатар жер бедері пішіндері жабық жəне ашық, оң 
жəне терісжай жəне күрделі болып бөлінеді.
Жер бедері пішіндері алып жатқан аумағына қарай бірнеше топқа 
бөлінеді (7-кесте).
7-кесте. 
Жер бедерінің негізгі топтары
Жер бедерінің 
алып жатқан 
аумағы
Ғаламдық, 
млн км
2
Мега, 
мың км
2
Макро, 
мың км
2
Мезо, 
км
2
Микро, 
мың м
2
Нано
рельеф, м
2
Жер бедерінің 
негізгі түрлері
материк, 
мұхит
Альпі,
Кавказ 
жеке тау 
жотасы
сайлар, 
өзендер
үңгір, 
ойыс
індер,
жалдар
Ғаламдық масштабтағы жер бедері пішіндері бірнеше жүздеген 
жəне миллиондаған шаршы километр ауданды қамтиды. Материктер 
– Жер шарындағы ең үлкен оң тура пішінді жер бедері болып табы-
лады, оның көпшілік бөлігін құрлық алып жатыр. Ал материктердің 
шеткі бөліктері дүниежүзілік мұхит табаны құрылымына кіреді, 
оған материктік қайраң мен материктік беткей жатады. Бұл аймақтар 
құрылымы жағынан материктік типтегі жер қыртысы болып табы-
лады.
Мұхит табаны – Дүниежүзілік мұхиттың негізгі бөлігі, əдетте, 
оған 3 км-ден терең орналасқан мұхиттық типтегі жер қыртысы жа-
тады.
Қазіргі геосинклиналды белдеулер – басым түрде материк-
тер мен мұхиттардың шектескен аймағында орналасқан. Əсіресе, 
Тынық мұхит табанына тəн, ал Атлант, Үнді жəне Солтүстік Мұзды 
мұхитында материктер бірден мұхит табанымен жалғасады.


134
Суасты орта жоталары – жер шарындағы ең ауданы да ұзындығы
жағынан да ең үлкен тау жүйесі болып табылады. Ол өзінің 
құрылымы жағынан материктік те, мұхиттық та жер қыртысына 
ұқсас болып келеді. Сондықтан да оны өтпелі зона немесе рифтілік 
жер қыртысы деп те атайды.
Мегаформаларға бірнеше ондаған, тіпті, жүздеген шаршы кило-
метр ауданды алатын жер бедері жатады. 
Макроформалар мегаформа құрамына кіретін жекелеген жер 
бедерінен тұрады, оның ауданы бірнеше шаршы километрден 
бірнеше ондаған шаршы километрге дейін жетеді. 
Мезоформалар бірнеше шаршы километрге немесе ондаған шар-
шы километрге созылады.
Микроформаларға мезоформаның беткі бөлігін күрделендіретін 
тегіс емес құрылымдар кіреді. 
Нанорельеф деп макро, мезо, микрорельеф беткі бөлігін 
күрделендіретін өте ұсақ тегіс емес құрылымдарды атайды. 
Ғаламдық масштабтағы жер бедері мен мега жəне макроформа-
лар эндогендік процестер нəтижесінде түзілетін болса, мезо, микро, 
наноформалар экзогендік процестер əсерінен қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет