Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет105/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

61-сурет. Іле Алатауы етегіндегі қорымдар
Тау жыныстарындағы ұсақ жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, 
түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан əрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс 
поляр маңы мен биік таулы жерлерге, Сахара сияқты табиғаты қатал 
шөлді аудандарға тəн. 
Химиялық үгілу – тау жыныстары мен минералдардың 
құрамындағы 
реакцияға 
тез 
түсетін 
заттардың 
(оттегі, 
көмірқышқылдары, əртүрлі тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы 
су буының көмегімен өзгеруі жəне өзара əрекеттесуі нəтижесінде 
бұзылуы. Сондықтан да химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат 
жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы 
аудандарына тəн. 
Əдетте, үгілудің барлық əрекеттері қатар жүріп отырады, 
сондықтан да айқын басымдылық танытатын əрекет түрі бірінші 
кезекте айтылады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де белгілі 
дəрежеде физикалық жəне химиялық үгілу əрекеттеріне қатысып, 
кейде оның жүру қарқынын да күшейтеді. Бұл процесс биологиялық 
үгілу деп аталады.
Үгілген тау жыныстары салмағына қарай төмен сырғуы неме-
се тік беткейлерден етекке құлауы мүмкін. Олар кейде өздерімен 
бірге басқа да тау жыныстарын сырғытып, ілестіре кетеді. Етекке 
құлап түскенде тау жыныстары көбінесе, өзара соқтығысып, сынып, 
ұсақталады. Неғұрлым майда бөлшектер желмен ұшырылып, шаң-
тозаңға айналады. 
Үгілудің барлық түрлері биік таулардың аласаруына, керісінше, 
неғұрлым ойыс жатқан жерлерді толтыру арқылы жер бедерінің 
тегістелуіне себепші болады. 


146
Тау жыныстарының үгілу мерзімі ұзаққа созылатын процесс. 
Үгілу қабаттарының əрқайсысының қалыптасуының өзінің табиғи 
белдеулілік сипаты бар. Кесек тасты үгілу қабықтары полярлық 
биік таулы өлкелерде, сонымен биік таулы шөлдерде кездеседі. 
Гидрослюдалық үгілу қабығы суық жəне қоңыржай белдеулерге тəн. 
Қызыл түсті үгілу қабықтары – ыстық жəне ылғалды климат 
əсерінен субтропиктік зоналарда, ал латеритті қабықтар – алю-
миний силикаттарының ыстық жəне ылғалды экваторлық климат 
жағдайындағы химиялық үгілу нəтижесінде қалыптасады.
Үгілу қабығының қолданбалы маңызы зор. Көптеген маңызды 
пайдалы казбалар: боксит, темір кені, никель, кобальт жəне хром 
кеңдерінің кейбір түрлері, осы үгілу қабығымен бірге түзіледі. Түрлі 
түсті минералдардың шашыранды кен орындарын іздестіруде үгілу 
қабығын зерттеудің мəні зор.
Дүниежүзінде əртүрлі геологиялық дəуірлерде қалыптасқан 
үгілу қабығы кең таралған. ТМД аумағында протерозой эрасының 
үгілу қабығы Карелия мен Украинада, девон кезеңінің қабығы Ти-
ман бұйратында, мезозой мен төменгі кайнозой дəуіріңдегі үгілу 
қабықтары Орал тауында жəне Қазақстанның Сарыарқа өлкесінде 
кездеседі. 
Үгілу əсіресе, беткейлерде қарқынды жүреді. Процестер жүру 
ерекшелігіне қарай беткей түзуші жəне беткейді бұзушы болып 
ажыратылады. Беткейлер масштабына, еңкіштігіне, ұзындығына, 
пішініне, экспозициясына жəне қалыптасуына қарай бірнеше типке 
бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет