Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Георгафиялық орта мен қоғам арасындағы байланыс



Pdf көрінісі
бет231/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Георгафиялық орта мен қоғам арасындағы байланыс. Қазіргі 
замаңғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың 
тұтыну ауқымымен жəне биосфераның ресурстық-экологиялық 
мүмкіндіктерінің 
сəйкес 
келмеуімен 
түсіндіруге 
болады. 
Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта; олардың аса 
маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен нашарлауы жатады. 
Адамның шаруашылық əрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс 
ластануына алып келеді. Атмосфера мен гидросфераның өнеркəсіп 
пен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен, ал Дүниежүзілік мұхиттың 
мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы 
заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы 
адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Eң зиянды өнеркəсіп салаларына тау-кен жəне құрылыс матери-
алдарын өндіру, энергетика (əсіресе, ЖЭС), қара жəне түсті метал-
лургия, мұнай өндіру мен өндеу, химия өнеркəсібі, целлюлоза-қағаз 
өндірісі, тамақ өнеркəсібі жатады. 
БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің 
мəліметтерніне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен 
жəне пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.


323
Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүниежүзі 
ғалымдары «жылыжай (парникттік) эффектісі» деп аталған қауіпті 
жағдайға апарып соғуы мүмкін. Оның мəнісі – көмірқышқыл газы 
Күн сəулесін əйнек тəрізді өз бойынан өткізіп жіберіп, жер бетінен 
бөлінетін жылуды ғарыш кеңістігіне жібермей ұстап қалады, соның 
салдарынан ауа температурасы жоғарылап, климат жаппай жылына-
ды.
ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап, Жер шарындағы
«климаттың ғаламдық жылынуы» туралы жиі айтылып жүр. 
Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшарында 2020 жылға 
қарай ауа температурасы қазіргімен салыстырғанда, 2,5
0
С-ге, ал 
2050 жылға қарай 4
0
С-ге көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұздықтар 
көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлшерінің, желдер мен мұхит 
ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді. 
Соның нəтижесінде Дүниежүзілік мұхиттың деңгейі көтеріліп, 
кейбір аралдар мен жағалауларды су басуы мүмкін. Кейбір 
ғалымдар, керісінше, ауа температурасының жоғарылауынан оң 
нəтижелер күтеді: жоғары ендіктер есебінен ауыл шаруашылығына 
жарамды жерлердің ауданы ұлғаяды, Солтүстік теңіз жолын жыл 
бойы пайдалануға болады, жағалау сулары ірі кемелерді қабылдау 
мүмкіндігіне ие болады. Дегенмен, климаттың ғаламдық жылынуы 
ғаламшар тіршілігіне қалай əсер ететіні əлі де айқын емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет