Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет229/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

сирек орман мен бұталарға айналуы мүмкін. 
Мамандардың есептеуі бойынша тарихи кезеңде адам баласының 
есепсіз əрекеті нəтижесінде жарамсыз болып қалған жерлер ауданы, 
қазіргі мəдени ландшафт таралған жерлерден əлдеқайда аумақты 
екені анықталды. Дүние жүзі елдері деңгейінде табиғат қорғау 
шараларын жаппай жүргізу көптеген жарамсыз жерлерді қайта 
жандандырып, екінші реттік ландшафт (қалпына келтірілген) 
түрлерін қалыптастыруда.
Ал мəдени ландшафт адамның тұрақты қамқорлығы 
нəтижесінде қалыптасқан табиғи-өндірістік аумақтық кешен 
болып табылады. Олардың қатарына егіс алқаптары, бау-бақша, 
шабындық, плантациялар, бөгендер, қалалар мен елді мекендер 
жəне т.б. жатады.
Тарау бойынша қайталау сұрақтары:
1. Географиялық қабық дегеніміз не?
2. Географиялық қабық ұғымын ұсынған ғалым кім?
3. Географиялық қабықтың төменгі шекарасы қалай жүргізіледі?
4. Географиялық қабықтың жоғарғы шегі қалай өзгереді?
5. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктерін атаңдар.


319
6. Географиялық қабық туралы ілімнің негізін салушы 
ғалымдарды атаңдар.
7. Географиялық қабықтың қалыптасуы мен дамуына қандай 
факторлар əсер етеді?
8. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері арасындағы өзара 
байланыс қалай жүреді?
9. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктеріне тəн басты 
заңдылықтарды атаңдар.
10. Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы дегеніміз 
не?
11. Географиялық қабықтағы зат жəне энергия алмасу 
əрекеттеріне мысал келтіріңдер.
12. Географиялық қабықтағы биологиялық айналым қандай 
процестерден тұрады?
13. Фотосинтез бен хемосинтез процесі арасында қандай байла-
ныс бар?
14. Географиялық қабықтағы ырғақтылық дегеніміз не?
15. Ырғақтылықтың қандай түрлері бар, нақты мысал 
келтіріңдер.
16. Географиялық қабықтағы зоналық заңдылықтың басты 
көрінісі не?
17. Табиғат зоналары дегеніміз не, олар қандай компоненттер-
ден тұрады?
18. Табиғат зоналары не себепті өсімдік жамылғысы атымен 
аталады?
19. Ендік зоналылық пен биіктік белдеулілік арасында қандай 
байланыс бар?
20. Суық белдеулерге тəн табиғат зоналарын атаңдар
ондағы тіршілік өкілдері сол жердің климаттық жағдайына қалай 
бейімделеді?
21. Қоңыржай белдеуде қандай табиғат зоналарының жиынтығы 
кездеседі?
22. Қоңыржай белдеу ормандарының қандай басты ерекшелігі 
бар?
23. Субтропиктік белдеуге тəн табиғат зоналарын атаңдар, 
олардың қоңыржай ормандардан қандай айырмашылығы бар?
24. Қатты жапырақты мəңгі жасыл ормандар басқаша қалай ата-
лады?
25. Субтропиктік ормандар белдеудің қандай бөліктерінде 
орналасқан?


320
26. Муссондық ормандар дегеніміз не, олардың қандай 
ерекшелігі бар?
27. Субтропиктік дала зонасының қоңыржай дала зонасынан 
қандай айырмашылығы бар?
28. Прерий дегеніміз не, ол қандай материкке тəн?
29. Пампа дегеніміз не, ол қандай материкке тəн?
30. Саванна зонасы қандай белдеулерде орналасады?
31. Саванна зонасының қандай басты белгілері бар?
32. Саванна зонасы қандай материктерде таралады?
33. Тропиктік белдеулер шегінде қандай табиғат зоналары 
кездеседі?
34. Ылғалды мəңгі жасыл ормандар алып жатқан аудандарды 
атаңдар?
35. Ландшафт дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
36. Табиғи ландшафт түрлеріне нақты мысал келтіріңдер.
37. Антропогендік ландшафт түрлеріне мысал келтіріңдер.


321


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет