324
өзгерістерге алып келуде. Озон
қабатының жұқаруы Жер шарын-
дағы тіршілік дүниесіне, адамзат өркениетіне зор қауіп төндіруде.
Осы себепті бұл апатты құбылыс адамзаттың ғаламдық пробле-
масына айналып отыр. Озон қабатының жұқаруын мейлінше тежеу
мақсатында 1985 жылы Вена конвенциясы, 1989 жылғы Монреаль
хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды
шектеуге қол қойылды. Қазіргі кезде дүниежүзі қауымдастығы бұл
шарттарды орындауға басты назар аударуда.
Ормандар аумағының қысқаруы. Қазіргі кезде дүниежүзінде
ормандар құрлықтың 30%-ын, яғни жалпы ауданы 4
млрд гектар
аумақты алып жатыр. Соңғы 200 жыл ішінде ормандардың ауданы
екі есеге жуық қысқарған.
Жыл сайын жер бетінен жойылатын ормандардың шамамен 10
млн гектарын тропиктік ормандар құрайды. Олардың тек 10%-ы
ғана қалпына келтіреді. Орман алқаптарының жойылуына əсірессе,
апатты өрттер, қышқыл жаңбырлар, ағаштарды есепсіз кесу себепші
болуда.
Ормандар ауа мен топырақ қабатының
ластануынан да зардап
шегуде. Мұның барлығы орман алқаптарының күрт азаюына, түр
құрамының жұтандануына себеші болды.
Атмосфераны тұрақты түрде
оттегімен байытып отырған
ормандардың жойылуы топырақтың құнарлы қабатының тез шайы-
луына, су режимінің өзгеруіне кері əсерін тигізеді.
Соңғы деректерге қарағанда, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
адамның шаруашылық əрекеті əсерінен мұндай жерлердің ауданы 9
млн км
2
артып отыр. Ал 30 млн км
2
аумақ шөлейттенуге ұшырауға
жақындап тұр. Шөлейттену құбылысы дүние жүзінің жүзден астам
елін қамтуда, ол əсіресе дамушы елдерді тұралатуда.
Достарыңызбен бөлісу: