Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет230/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

ҚОРЫТЫНДЫ. АДАМЗАТТЫҢ ТАБИҒАТТҚА 
ТИГІЗГЕН ЫҚПАЛЫ
Бүгінгі таңда қоршаған орта жағдайындағы өзгерістер əсерінен 
туындайтын адамзаттың ғаламдық проблемалары айқын, тұрақты 
сипат алуда. Ол Жер геосферасы құрамының барлық деңгейінде 
байқалып, адамзат қоғамының дамуына үдемелі ықпалын тигізуде.
ХХ ғасыр мен бүгінгі таңдағы климаттың ғаламдық 
жылынуының белең алуы қарқындылығын үдетпесе, азайтып 
отырған жоқ. Бұл құбылыстар бір жағдайда адамның шаруашылық 
əрекетінің ықпалымен түсіндірілсе, ғалымдардың пайымдауынша, 
бұл құбылыстың негізгі себебін – Жер ғаламшары мен Ғарыш əлемі 
арасындағы өзара байланыстың əсерінен іздеу қажет сияқты.
Климаттың жылынуы əсерінен Дүниежүзілік мұхит пен құрлық 
беткі бөлігінен буланушылықтың мөлшері артып, гидрологиялық 
су айналымы балансында өзгерістер туындауда. Ауа құрамындағы 
ылғалдылық мөлшері жоғарылап, бұлттылықтың таралуы қарқын 
алып, атмосфера циркуляциясында циклондық əрекеттер күшеюде. 
Ылғал мөлшері шамадан бірнеше есе артық түсіп, су тасқындарының 
көбеюі жиі байқалуда. Керісінше, құрғақ аймақтардағы қуаңшылық 
кезеңдері ұзарып, шөлейттенуге ұшыраған аудандардың аумағы 
күрт артуда. 
Климаттың жаппай жылынуы жыл ішіндегі климаттық 
ауытқулардың туындауына себепші болып, ауа райының 
тұрақсыздығы күшеюде. Климатпен байланысты төтенше жағдайлар: 
апатты дауылдар мен тасқын сипатты су басу құбылыстары, нөсер 
жаңбырлар мен қалың қар жамылғысының түсуі сияқты жағдайлар 
жиі байқалуда. 
Сондай-ақ биік тау басы мен поляр аймақтарындағы мұз 
жамылғыларының аумағы кішірейіп, өзендер мен көлдердегі мұз 
қату режимі өзгеруде. Бұл өз тарапынан Дүниежүзілік мұхит айды-
нына келетін су массасын арттыруда. 
Бүгінде Дүниежүзілік мұхит суының көлемі жылына 700 км

мөлшерінде артып, соның əсерінен мұхит деңгейі жылына 2 мм 
жылдамдықпен көтеріліп отыр. Мұхит деңгейінің көтерілуі то-
лысу толқындарының биіктеуіне, жағалық бөліктердің су астында 
қалуына, абразия процесінің қарқын алуына себепші болып отыр.


322
Климаттың ғаламдық жылынуы су массаларының циркуляция-
сын өзгертіп, поляр аймағындағы сулардың төменгі ендіктерге қарай 
емін-еркін орын алмастыруына ықпалын тигізіп отыр. Экватор 
маңайындағы мұхит айдыны аса кең болғандықтан, бұл аймақта көп 
мөлшерде жинақталған су массасының болуы Жердің өз білігінен 
айналу жылдамдығына əсерін тигізіп, геофизикалық өзгерістердің 
туындауына, гидросфера мен атмосфера арасындағы баланстың 
өзгеруіне де ықпал жасайды. 
Бұл жағдайлар өз тарапынан жер қыртысына салмақ түсіріп, жер 
сілкіну мен жанартау атқылау белсенділігін күшейтуде. Бүгінде бұл 
жағдайлардың жиілігі əсіресе, литосфералық тақталардың жымдасу 
жəне ажырау шекаралары орналасқан аймақтарда айқын байқалуда.
Ғаламдық өзгерістердің қарқын алуына табиғи факторлар-
мен қатар, адамның шаруашылық əрекеті де, өзіндік қозғаушы 
ретіндегі қызметін белсенді түрде жалғастыруда. Бүгінде адамның 
шаруашылық əрекеті əсерін сезінбеген Жер шары табиғат 
компоненттерін табу мүмкін емес. 
Адамат қоғамының дамуы неғұрлым қарқын алған сайын табиғи 
ортаның тепе-теңдігін сақтап тұру мəселесі шешілуі қиын күрделі 
жағдайларға тап болып, адамзат болашағы мен Жер ғаламшарының 
табиғатына қауіп төндіретіндей мəселеге айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет