326
мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүниежүзі елдері арасындағы
халықаралық қарым-қатынасында да маңызды орын алып келеді.
Құрлықтағы кейбір минералды ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы
тез ұлғайып жатқан жағдайда
мұхит суларынан кен өндірудің,
əсіресе6 мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себепші болып
отыр.
Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мұхит сула-
рын биологиялық ресурс ретіндегі қолданылу аясын да күннен күнге
кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай
мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутек изотопы
– дейтерийді айырып алу; орасан зор
толысу энергиясын алатын
электр станцияларын салу; теңіз суын тұщыландыру істерінде жаңа
жобалар ашуда.
Ресейде Ақ теңіздегі Мезень қойнауында қуаты 10-15 млн
кВт, Ақ теңіздің өзінде қуаты 14 млн кВт; Охот теңізінде қуаты
30-100 млн кВт Пенжина; Франциядағы Котантен түбегінің Ла-
Манш жағалауында қуаты 50 млн кВт; Ұлыбританияда – Бристоль
шығанағындағы
Северн өзенінің сағасында; Үндістанда – Арабия
теңізінің Кач шығанағында өте қуатты толысу электр станцияларын
салу мүмкіндіктері қарастырылуда.
АҚШ-та Гольфстримнің орасан зор энергиясын пайдалану жо-
басы жасалған. Ол үшін судың терең қабатында диаметрі 80 метрлік
турбиналар орнату көзделген. Мұндай қатарластыра салынған тур-
биналар тізбегі арқылы 100 млн кВт электр қуатын алуға мүмкіндік
береді.
Шаруашылық əрекеттердің қоршаған
ортаға зиянды ықпалын
азайту мақсатында жаңа технологияларды енгізу, қалдықтарды
өңдеу мен зарарсыздандыру шараларын кеңінен жүргізу қажет.
Табиғат ресурстарын сақтау мақсатын көздейтін технологиялар-
ды
жаппай енгізу, арзан энергия алудың балама көздерін кеңінен
пайдалану, экологиялық бақылау мен талаптарды күшейту сияқты
іс-шараларды тұрақты жүргізу арқылықоршаған орта мəселелерін
шешу бағытында игі қадамдар жасауға болады.
Жалпы алғанда табиғат қорғау мəселелері экономикалық,
əлеуметтік, экологиялық-географиялық мəселелелердің күрделі
жиынтығынан тұрады. Ол мəселелерді салауатты түрде, өз
уақытында шешу арқылы ғана болашаққа сеніммен қарай аламыз.