98
бас кезіндегі қазақ поэзиясындағы
дастан жанрының қалыптасуы
мен дамуына игі əсері өте зор. Шəдінің төлтума шығармаларының
(“Ресей патшалығында Романов нəсілінен хұқмынарлық қылған
патшалардың тарихтары, həм ақтабан
шұбырыншылық заманынан
бері қарай қазақ халқының ахуалы“ (1912), “Келіннің бетін ашатын
терме“ (1915), “Хикаят Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан
оқиғасы“ (1917) т.б.) ХХ ғасыр басындағы əдебиетте өзіндік орны бар.
Ақын неге екені белгісіз күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап,
өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті на-
сихаттайтын шығармаларды басымдау жазған. Оның діни-ағартушы
екендігі шығармаларында ертедегі шығыс əдебиетінде қалыптасқан
сопылық сарынның мол болуынан көрініс табады. Жастайынан ел
басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақын өзінің төл өлеңдерінде
ел билеген əкімдерді, кейбір байларға тəн дүниеқоңыздықты,
озбырлықтарды еркін сынап отырады. Оның “Бөрбас байға“, “Отын-
шы байға“, “Бір молдаға“, т.б. өлеңдерінде өмір шындығы реалистік
түрде көрсетілген.
Жалпы алғанда, Шəді шығармашылығының ХХ
ғасыр басындағы əдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше
орны бар.
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар
да болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы,
Ақылбек Сабалұлы тəрізді ақындар
көбіне тек дайын сюжетті
қиссалар жазып, немесе бастырып шығарумен айналысқан.
Шығармаларының қай-қайсысында болмасын діни уағыз, дін
құдіреттілігі жайлы ойлар өріс тауып отырған.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиетінде діни-
ағартушы ақындар өзіндік бет-бағдарын айқын танытқан. Олардың
шығармашылығы көлемі жағынан аса мол, жанр, түр
жағынан
мейлінше бай болып келеді. Талант, дарындары əрқилы ақындардың,
өзіндік қолтаңбалары да əрқилы. Бұларды біріктіретін басты белгі –
діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-мұраттары.
Достарыңызбен бөлісу: