Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Топтық оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет95/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131
boribekova-kazirgi

12.6. Топтық оқыту технологиясы
В. К. Дьяченконың айтуы бойынша топтық оқыту тəсілдерінің 
ұйымдастыру жүйесі аралас болуы мүмкін: топтық, жұптық, 
жекеше. Осылардың ішінде топтық оқытудың маңызы басымдырақ. 
Топтық технологиялардың сынып-сабақтық ұйымдастыру, дəріс-
семинарлық жүйе, дидактикалық ойындар, бригада-зертханалық 
əдістер тəрізді формалары бар. Бұл формалар негізгі ұжымдық 
шарттардың орындалуын жүзеге асырады. Оқушылар ортақ 
мақсатты түсініп, міндеттерді дұрыс бөліп ала білуге, өзара дұрыс 
қарым-қатынас жəне бақылау жасауды үйренеді. Топтық оқытудың 
психология-педагогикалық негіздемесі:
1. Іс-əрекет принципін жүзеге асыру. 
2. Оқу мен оқыту мотивациясын қалыптастыру.
3. Білімді жалпы жəне толық бақылау. 
4. Оқу ұжымындағы психологиялық жағымды жағдайдың 
қалыптасуы.
5. Оқыту мен тəрбиенің бірлігі. 
6. Субъект-субъектік қарым-қатынастың жүзеге асуы.
Топтық сабақтарда мұғалім мен оқушы жəне оқушылар 
арасында өзара қарым-қатынастың болуы топтық оқытудың 
маңыздылығын көрсетеді. Топтық оқыту кезінде балалар тыңдай 
білуге, жолдастарының пікірімен санасуға, жанжал, тартыстарды 
шеше білуге, ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп əрекет ету арқылы 
өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырады, оқу үлгерімі артады, 
өзін-өзі құрметтеу сезімін тəрбиелейді, сыныптағы достық ұлғаяды, 
мектепке деген қарым-қатынасы өзгере бастайды, өзара көмектің 
құндылығын мойындайды. 
Топтық оқытудың төрт типі белгіленген:
1. Жұптық оқыту.
2. Бірге отырған топтар.
3. Шағын командалар.
4. Бүкіл сынып үшін тапсырмалар.
В. К. Дьяченконың айтуы бойынша, оқыту дегеніміз оқушылар 
мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі 
оқытудың ұйымдастырушылық формасын айқындайды. Қарым-
қатынас түрін жұптық, топтық, ауыспалы жұптық, жазбаша қарым-
қатынас түрі құрайды. Ал оқытудың ұйымдастыру формасына 
жұптық (біреуі екіншісін оқытады), топтық (біреуі бір мезгілде 
бірнеше адамды оқытады), ұжымдық (əрқайсысы əрқайсысын 
оқытады) жəне жекеше формалары жатады. Оқытудың ұжымдық 
түрі əр оқушы əрқайсысын оқытқан жағдайда дұрыс деп саналады. 
В. К. Дьяченко ұжымдық оқыту тəсілі мен топтық оқыту тəсілдерінің 
ерекшеліктерін төмендегі кесте арқылы көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет