Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет114/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205
Акмеология

222
223
Соған байланысты, тұлғалық-кəсіби қалыптасудың мəнді 
сипаттамаларының бірі ретінде, тұлғаның өзін-өзі жүйелі 
ұйымдастырудың жоғары деңгейі ретінде, өзін-өзі жүзеге асыруда 
шығармашылық белсенділікті дамыту алынады, ол арқылы білім беру 
үдерісінде, іс-əрекет жəне мінез-құлықта əлеуметтік детерминация 
жүзеге асады. 
Өзін-өзі жүзеге асыру (А.А. Реан, Э.В. Галажинский, Л.А. Ко-
ростылева) кемелденген тұлғаның болмысымен байланысты, ол 
акмеологияда даму бағытталатын жəне аяқталатын бірқатар соңғы 
қалып ретінде қарастырылмайды, керісінше, тұлға қаншалықты 
дəрежеде психологиялық жəне əлеуметтік тұрғыда аса кемелденген 
болса, оның əрі қарай дамуға деген қабілеті артады. Тұлғалық 
кемелдену кезеңі, оның қалыптасуы үшін сапалық жаңа жəне 
əлеуметтік құнды мүмкіндіктерді ашады (Л.И. Анцыферова).
Дəл кемелдену кезеңінде, тұлғаның қойылған өмірлік 
міндеттерді шешу сатысынан, түбегейлі маңызды, жаңа мəселелерді 
қою, сапалы жаңа міндеттерді құрастыру сатысына өтуі жүзеге 
асады. Кемелденген тұлғаның ойлауының динамикалық құрылымын 
күрделендіру жəне дамыту, оған шығармашылық белсенділіктің 
жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді (Л.И. Анцыфирова).
А.А. Реан тұлғалық кемелденудің төрт компонентін айқындады:
(базалық, іргелі) – жауапкершілік, төзімділік, өзін-өзі дамыту 
жəне интегралды компонент (позитивті ойлау, əлемге позитивті 
көзқарасты анықтайтын, əлемге позитивті қатынас). Мұнда 
жауапкершілік кемелденген тұлғаның əрекетінің қажетті құрамдасы 
болып саналады. 
Əлеуметтік кемелдену жəне оның құрамдасы – жауапкершілік-
кəсіби білім берумен байланысты шығармашылық адекватты іс-
əрекетте ғана қалыптасады (А.А. Реан). Өзін-өзі дамытуға, өзін-
өзі маңызды етуге деген қажеттіліктің кемелденген тұлғаның негіз 
құраушы компоненті болатынын ескере отырып, өзін-өзі дамыту 
жəне өзін-өзі маңызды ету идеясы акмеологиялық ұстанымды 
қалыптастыруға бағытталған, білім беру үдерісінде жетекші рөл 
атқаруы қажет. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асырудағы 
өзекті қажеттіліктің үлкен құндылығы бар, ол кемелденген тұлғаның 
көрсеткіші жəне бір мезгілде оған жетудің қайнар көзі болып 
табылады (А. Маслоу).
А.А. Реан əлеуметтендірудің қашан жəне қандай жағдайда 
«акмеге» ықпал ететіні жəне жеке «акмеге» жетуге əкелетіні, 
тұлғаның əлеуметтік кемелденуін дамыту туралы мəселені шешу 
тұрғысында, əлеуметтендіру үдерісін талдай отырып, бұл үдерістің 
белгілі мақсаты бар, «белгісіз соңы» бар үдеріс ретінде анықтайды. 
Ол адамның онтогенезінің бойында үздіксіз жалғасады жəне 
ешқашан аяқталмайды, алайда «ешқашан толық болмайды». Бұл 
тұлғаны өзіндік дамытудың шексіздігінің жəне шектелмеуінің негізі 
ретінде интерпретациялануы мүмкін. 
Осылайша, жоғары кəсіби білім беру жағдайында, тұлғалық-
кəсіби қалыптасу мəселесіне қатысты, адамның өзін-өзі ұйым-
дастырушы психологиялық жүйе ретінде ұғымдарына сүйенуге 
болады. Соған сəйкес, адам өзіндік қозғалыстың ресурстарын, 
жүйелі детерминацияны жəне факторларды өндіру қабілетін игереді, 
оларға сүйеніп, жүйе өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру 
стратегиясын құрастыра алады.
Жоғары кəсіби білім беруді сипаттау үшін психологиялық-
акмеологиялық үдерістің жетекші категориясын – тұлғалық-кəсіби 
қалыптасуды негіздеу қажет.
Психологиялық зерттеулерде аса кең тараған «кəсіби даму» 
ұғымымен теңдестірілетін «кəсіби қалыптасу» ұғымы кездеседі. 
Кəсіпқойды қалыптастыру жəне дамытудың механизмдерін 
қарастыруға байланысты алуан түрлі көзқарастар бар. 
«Кəсіби қалыптасу» ұғымының кең қолданылуына қарамастан, 
оның дəл, айқын анықтамасы жоқ. Атап өтетін бір жайт, ғылымда 
айқындалған ұғымдардың нақты ажыратылуы болмайды. B.C. Лед-
нев тұлғаның қалыптасуын «адамның сапаларын ілгері өзгертуінен» 
құралатын, яғни келесі компоненттерді: психиканың функционалды 
механизмдерін дамыту, тұлғаның тəжірибені меңгеруі; тұлғаның 
типологиялық қасиеттерін тəрбиелеуді» қамтитын құрамдас ретінде 
анықтайды. Берілген анықтамада қалыптасу жеке тəжірибеде 
көрініс табатын позитивті сапалық өзгерістер ретінде түсіндіріледі. 
Е.М.Борисова көпшілік жағдайда қалыптасу деп өзінің аяқталуынан 
алыстау пайда болған үдерісті атайды. «Мұндай түсініктемедегі 
қалыптасуды уақыт бойынша кеңейтілген кəсіпті меңгеру үдерісі 
ретінде қарастыруға болады».
Үдеріс белгілі сатыларды, кезеңдерді қамтуы қажет, 
олардың əрқайсысының психофизиологиялық жəне əлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы болады, олар өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет