226
227
психикалық функцияларды дамытуға сəйкес сызбаны айқындады.
Əрбір психикалық функцияның өзіндік операциялық механизмдері
қалыптасады. Функционалды жəне операциялық механизмдер бір-
бірімен өзара күрделі əрекеттеседі. Функционалды механизмдердің
дамуының белгілі деңгейінің негізінде, операциялық механизмдер
дами бастайды, олардың бірлескен дамуы олардың жедел дамуын
туындатады. Іс-əрекет үдерісінде операциялық механизмдер іс-
əрекетке бейімделеді, нəтижесінде олардың оперативтілік белгілері
пайда болады. Мотивациялық механизмдердің реттеуші функциясы
болады. Мотивацияны дамыту операциялық механизмдердің қайта
құрылуын ынталандырады, нəтижесінде психикалық қасиеттердің
даму деңгейі артады. Д.А. Ошанин кəсіби даму жағдайында,
мотивациялық механизмдердің қайта құрылуының операциялық
механизмдерден бұрын жүзеге асатынын жəне соңғысының қайта
құрылуына əкелетінін анықтады. Егер осындай қайта құру жүзеге
аспаса, іс-əрекеттің аталған түріне жарамсыздықты негіздеп,
қабілеттер дамымайды.
Кез келген дамудың, əсіресе кəсіби дамудың қайнар көзі ретінде,
қарама-қайшылықтардың болуы алынады. Ю.В. Поваренковтың
пікірі бойынша, «кəсіби мүмкіндіктер мен адамның қажеттіліктері-
нің талаптары» жүйесінде туындайтын қарама-қайшылықтар,
дамудың əлеуметтік жағдайының динамикасын, қайта құруын
жəне алмасуын анықтайды. Кəсіби дамудың деңгейінің өлшемдері
ретінде, кəсіби-маңызды сапалардың жəне мотивтер құрылымының
қалыптасуымен байланысты өлшемдер алынуы қажет.
Қазіргі кезде жалпы қабылданған анықтама ретінде, дамудың
қалыпты тəсілдермен əрекет етуге мүмкіндік бермейтін жағдай
болғанда басталатыны туралы қағида алынады, яғни даму оқиғаның
үздіксіз барысы тоқтағанда, аяқталғанда, бұрын болмаған нəрсені
құрған сəтте басталады. Б.Д.Эльконин бұл туралы былай деп жазады:
«даму дайын автоматизмді қолдану мүмкін болмаған жағдайда,
мінез-құлықтың қажеттілігі «нүктесінде» жүзеге асады, яғни мінез-
құлықтың формасын қайта құру нүктесінде (өмір сүру тəсілі) жүзеге
асады». Аталған қағиданы ескеріп, адамның мінез-құлқының жаңа
формаларын ғана емес, оның болмысқа деген өзгертілген қатынасын
қамтитын, əлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық жəне өмір сүру
əрекетінің басқа жағдайларын өзгертуде ғана тұлғалық-кəсіби
дамудың мүмкіндігін атауға болады. Алайда, дамудың өзі кəсіптің
талаптары іс-əрекет субъектісінің мүмкіндіктерінен жоғары болған
жағдайда ғана басталуы мүмкін.
Е.А. Климов, Т.В. Кудрявцев, В.Д. Шадриковтың пікірлері
бойынша, кəсіби даму адамның кəсіпті меңгеру үдерісін қабылдау-
дан жəне оған енуден басталады. Кəсіпті қабылдау адамның аталған
кəсіптегі талаптар мен құндылықтар жүйесіне «енуінің» өзгеше
жағдайын құрады. Бұл өз кезегінде адамды кəсіби іс-əрекетті
меңгеруге деген бағыттылығын туындатады, оның барысында
адамның талаптар мен мүмкіндіктер, кəсіппен байланысты
құндылықтар мен адамның мотивациялық саласы арасындағы
қарама-қайшылықтарды түсіру жүзеге асады.
Е.А. Климов адамның кəсіби дамуы тұжырымдамасында
осы дамудың психикалық мазмұнының барлық компоненттерін
көрсететін бес негізгі бағытты айқындайды:
– «адамның қоршаған ортада аса дəл жəне кең бағдарлануын
меңгеруі»,
– «еңбек, кəсіби бағыттылықты қалыптастыру»;
– «əрекеттің қоғамдық өңделген тəсілдерін меңгеру (өзінің
жетістіктері ретінде жетілдіру) жəне іс-əрекет құралдарын қолдану»;
– «іс-əрекетті табысты орындауға мүмкіндік құратын, тұлғаның
тұрақты жеке сапалар жүйесін қалыптастыру»;
– «өзі туралы білімді дамыту».
Аталған бағыттар жəне компоненттер белгілі дəрежеде
жəне əртүрлі үйлесімде, адамның кəсіби дамуының көптеген
модельдерінде көрсетілген. Осындай модельдің екі типі аса кең
тараған: онтогенетикалық (жас ерекшелік) жəне кəсіби-генетикалық.
Онтогенетикалық модельдер адамның кəсіби дамуын оның өмі-
рінің жас кезеңдеріне бөлу контексінде біртұтас қарастырады, ал
кəсіби-генетикалық модельдер осы дамуды субъектінің белгілі еңбек
іс-əрекетін шынайы орындау кезеңімен байланыстырады.
Е.А.Климов бойынша, «даму» қарастыру пəні ырықсыз
өзгертуді жоғары көтеріңкі бағалау ретінде түсіндірілуі мүмкін.
«Қалыптастыру» термині, адамға бірнəрсені таңу, байланыстыру
туралы
ойға
жетелейді
(В.И.Слободчиков). «Қалыптасу»
термині аса сенімді ұғым болып саналады, себебі адам өзін-
өзі «қалыптастырушы» болып саналады. Бұл адамды өзін-өзі
ұйымдастырушы психологиялық жүйе ретінде түсіндіретін
ұсынылған əдіснамалық ұстанымға сəйкес келеді (В.Е.Клочко). Бұл
|