Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет122/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205
Акмеология

238
239
тамаларды жəне шығармашылық іс-əрекет қабілеттерін айқындауға 
бағытталады (Д. Б. Богоявленская, Д. Н. Завалишина, А. Ю. Ко-
зырева, И.М. Розет жəне т.б.).
Шығармашылық психологиясында креативтілік мəселесін терең 
зерттеумен қатар, бұл кəсіби акмеология саласындағы жетістіктер-
дің салыстырмалы түрде қарапайым болатынын атап өту қажет. 
Сонымен бірге, бұл зерттеулер эксперименттік мəліметтермен жəне 
оларды жалпылаумен жеткілікті бекітілмеген, оларсыз маманның 
шығармашылық кемелдігін қалыптастырудың психологиялық 
механизмдерін жəне ерекшеліктерін тану мүмкін емес. 
Креативті акмеологияның инновациялық жүйесіндегі ересек 
тұлғаның шығармашылық дамуы, маманның шығармашылық 
кемелдігін қалыптастыру мақсатында, шығармашылық əлеуеттің 
деңгейін жəне сапасын, тұлғалық өсудің перспективасын тану 
үдерісінде, психологиялық болжауды қоса, тұлғалық резервтерді 
жобалық детерминациялауға негізделген. 
Креативтілік акмеологияның интеграциялық, көпдеңгейлі 
тұлғалық категориясы оның құрамдастарының диалектикалық үш 
шамалығымен сипатталады: процессуалды, нəтижелі жəне тұлға-
лық, ол маманның өзін-өзі маңызды ету үдерісінде шығармашылық 
кемелденуінің қайта құрушы қайнар көзі болып табылады. 
Креативтілікті дамыту, тұлғаның жасампаздық сипаттамасына 
да, білім беру, педагогикалық жəне ұйымдастырушылық жүйелердің 
тиімді модельдеріне де қатысты болады, аталған жүйелерде оған 
қатысушылардың шығармашылық ізденіс жəне ынтымақтастық 
ортасы құрылады. Мұндай рухани ахуал маманның аса күрделі, 
кешенді біліктерін қалыптастыруға жəне интеграциялық біліммен 
жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, ақпаратты талдау жəне біріктірудің 
ұтымды тəсілдерін, кəсіби міндеттерді шешуде қатысушылардың 
ойлауының дара тəсілдерінің өзара байытылуын қамтитын 
үдерістердің коммуникативті жағын күшейту есебінен туындайды.
Креативтілікті дамыту, тұлғаның өзін-өзі маңызды ету жəне 
тұлғалық, кəсіби жəне рухани шыңдарға (акме) жету үдерісінде, 
маманның шығармашылық кемелдігінің қалыптасуына ықпал етеді. 
Креативті тұлғаның өзін-өзі маңызды етуінің жоғары деңгейінде, 
маманның шығармашылық кемелденуі өмірлік болмыстағы аса 
тұрақты, тиімді жəне ұзақ болып табылады. 
Кəсіби акмеологияның жəне шығармашылық психологиясының 
шынайы өзара байланысы негізінде, зерттеудің негізгі пəні ретінде, 
креативті тұлға алынады, психологиялық білімнің жаңа саласын – 
«креативті акмеологияны» құрудың перспективасы ашылады. 
Акмеологиялық тəжірибеде рефлексивті-креативті тұрғыда шы-
ғармашылық үдерісті жанама басқару жүйесі оңтайлы болып сана-
лады.
Жоғары оқу орнында кəсіби даярлау үдерісі, кəсіби іс-əрекеттің 
дара стилін меңгерген, барлық қажетті сапаларды (құзыреттілік, 
креативтілік, ұтқырлық, рефлексияға дайындық жəне т.б.) меңгерген 
түлектерге бағдарлануы қажет. Кəсіби дайындықтың акмеология-
лық бағдары, маманның шығармашылық даралығын дамытуға 
жағдай жасауға, оның тұлғалық жəне кəсіби өсуінің перспективасын 
құруға мүмкіндік береді. 
Тұлғалық-əрекеттік технология үш негізгі өзара байланысты 
құрылымдық компоненттен құралады: білім беру маршруты, білім 
беру траекториясы, жеке білім беру траекториясы. 
• Білім беру маршруты студенттің кəсіби дайындық үдерісінде 
өтуі қажет жолды анықтайды. 
• Білім беру траекториясы кəсіби құзырлылықтарды меңгеру 
арқылы, кəсіби-тұлғалық даму бағытында осы маршрут бойынша 
студенттердің даму ерекшеліктерін қамтиды. 
• Жеке білім беру траекториясы, маманның кəсіби қалыптасу 
үдерісін дараландыруға, оған қолайлы əлеуметтік жəне кəсіби 
бейімделуді қамтамасыз етуге, тұлғалық жəне кəсіби дамуды 
жобалауға мүмкіндік береді. 
Тұлғалық-əрекеттік технологияның икемділігі, вариативті құры-
лымдық компоненттердің жəне олардың тиімді өзара əрекетінің 
есебінен жүзеге асырылады. 
Акмеологияның пəні ретінде кəсібиліктің шыңдарына жетуге,
мамандардың шығармашылық ұзақтығына, сонымен бірге болашақ 
мамандардың кəсібилігін оқытудың заңдылықтарына, олардың іс-
əрекетін жетілдіруге жəне түзетуге ықпал ететін субъективті жəне 
объективті факторлар саналады. Объективті факторларға алынған 
білімнің сапасын жатқызады. Акмеология адамның кəсібиліктің 
шыңына өзі жететініне сүйенеді. 
Акмеологияның 
зерттейтін 
мəселелерінің 
бірі 
ретінде 
кəсібиліктің жəне шығармашылықтың арақатынасы алынады. 
Акмеология тұлғаның шығармашылық өркендеуінің шыңы туралы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет