Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет115/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205
Акмеология

224
225
кезегінде кəсіби іс-əрекеттің табысты жүзеге асырылуын қамтамасыз 
етеді. Мұндай контексте оған мағынасы бойынша кəсіби дамыту 
ұғымы жақын болады...». 
Акмеология тұрғысында, еңбек адамын тұлға ретінде қарастыру 
қажет. Мұнда аталған үдеріс «адамның психикалық бейнесіндегі 
сапалы, позитивті жаңа құрылымдардың пайда болуы, ескі мотивтер, 
мақсаттар, қатынастарды қайта ұғыну мен жаңаны құру» ретінде 
анықталады. 
Ф. Парсонс ұсынған тұғырға сəйкес, əрбір адам өзінің дара жəне 
кəсіби маңызды қабілеттері бойынша бір кəсіпке аса оңтайлы сəйкес 
келеді; кəсіби жетістік пен кəсіппен қанағаттану, кəсіптің адамға 
ұсынатын талаптарының оның дара ерекшеліктеріне сəйкестік 
дəрежесімен негізделеді. 
Қазіргі кезде психологияда жəне акмеологияда кəсібилендірудің 
алуан түрлі тұғырлары ұсынылған. 
«Тұлғаның кəсіби қалыптасуы» ұғымы қазіргі заманғы 
психологияда жеткілікті кең ауқымда қолданылады. Е.А.Климовтың 
көзқарасы 
бойынша, 
адамның 
еңбектегі 
белсенділігінің 
психологиялық мазмұны кəсіби білім беру мен өзіндік білім 
алуды түсіндіру үшін, адамның еңбектің жетістікті субъектісі, 
кəсіпқой ретінде қалыптасуы үшін аса маңызды болып саналады. 
«Қалыптасу» ұғымына жақын, кейде теңестірілетін ұғым ретінде, 
«қалыптастыру» жəне «дамыту» ұғымдары алынады. 
«Дамыту» феноменінің анықтамасына жекелей тоқталамыз, 
себебі ол ұғым адамның кəсіби дамуын əрі қарай зерттеуге негіз 
болады. Философияда даму өзгерістің, жетілудің, қозғалыстың, 
өсудің өзгеше түрі ретінде қарастырылады. С.Т.Мелюхин бұл 
жайлы былай деп жазады: «Даму – бұл өмір сүрудің жеткілікті 
ұзақ кезеңі бойында, жаңа мүмкіндіктер мен үрдістердің пайда 
болуын қамтитын, жүйенің сапалық, қайтып оралмайтын, біртұтас 
жəне заңды өзгерісі». Аталған анықтамада дамудың белгілерінің 
біртұтас кешені тіркелген: бұл екі бағыт негізге алынатын біртұтас 
айналымды үдеріс: жоғары өрлеуші жəне төмен түсуші. 
«Жоғары өрлеуші саты деп көптеген мүмкіндіктердің кеңеюі 
жəне артуы жүзеге асырылатын даму кезеңі, жүйенің өзгерістер 
үрдісі, оның ішкі жəне сыртқы байланыстарын, құрылымын, 
қозғалыс формаларын күрделендіру кезеңі аталады. 
Төмен түсуші саты көптеген мүмкіндіктер мен өзгеру 
үдерістерінің қысқаруымен сипатталады, бұл көп жағдайда 
құрылымның салыстырмалы қысқаруымен жəне тоқырауымен,
қозғалыстың формалары мен байланыстарының реттелмеу 
дəрежесінің артуына сəйкес келеді...». Автор регрессті дамудың бір 
бағытта қозғалыс жасауымен, екінші бағыттағы дамуды шектейтіні 
жағдайында түсіндіреді. 
Даму барысында болатын өзгерістердің ерекшелігі ретінде 
дамудың тек сандық өзгерістер ретінде түсіндірмейтіні, оның 
сапалық өзгерістер болатыны алынады, себебі регрессті дамуды 
алдыңғы сатыларына қайтып оралу үдерісі ретінде қарастыруға 
болмайды. 
Көптеген психологиялық-акмеологиялық зерттеулерде, адам-
ның өзінің əлеуетін жүзеге асыруы үшін белгілі əлеуметтік 
жағдайлардың қажет болатыны көрсетілген. Сондықтан адамның 
дамуына əлеуметтік əсерлерді сипаттау үшін Л.С.Выготский 
«дамудың əлеуметтік жағдайы» ұғымын енгізді, ол тұлғаның 
қатынастар жəне əлеуметтік болмыс жүйесі ретінде анықталады. 
«Дамудың əлеуметтік жағдайы» аталған кезеңде дамуда жүзеге 
асатын барлық динамикалық өзгерістердің бастапқы сəті ретінде 
болады. Егер тұлға түбегейлі өзгеретін болса, онда осы қатынастар-
ға сəйкес өзгеруі керек. 
Адамның кəсіби даму барысындағы тұлғалық, когнитивті, 
рефлексивті жəне психикалық қасиеттерінің өзгеру сипатын осы 
дамудағы екі ірі сатыға ажыратуға болады: жалпы алғашарттарды 
қалыптастыру, атап айтсақ, еңбекке жалпы дайындық түрінде; 
еңбек субъектісінің өзіндік кəсіби дамуы, оның басталуын көптеген 
мамандар кəсіби оқыту сатысына жатқызады. 
С.Л.Рубинштейннің тұжырымдамасында, «адамның дамуы 
«тəжірибені» жинақтаумен, білім, біліктерді жəне дағдыларды 
меңгерумен салыстырғанда, дəл осының өзі адамның қабілеттерін 
дамыту болып саналатыны, білім жəне білікті жинақтаумен 
салыстырғандағы даму болып саналатыны» туралы қағидасы өте 
маңызды болып саналады. Басқаша сөзбен айтқанда, белгілі іс-
əрекетті меңгерудің нəтижесі ретінде, адамның жалпы қабілеттері 
негізінде қалыптасатын кəсіби қабілеттерді дамыту алынады. 
Б.Г. Ананьев функционалды, операционалды жəне моти-
вациялық механизмдерді дамыту ретінде көрініс табатын, еңбек 
субъектісінің операционалды саласының негізіне алынатын, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет