266
267
жобалаушы іс-əрекетке мақсатты бағытталған тұрғыда енуі арқылы,
қазіргі білім беру технологиясын меңгеру саласында біліктілігін
арттыру арқылы шығармашылық іс-əрекетті ынталандыру, инно-
вациялық əлеуеттік жəне оқытушылардың құзыреттілігін дамыту
арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер əлеуетті «құралдар, ресурс-
тар, мүмкіндіктердің жиынтығын» білдіретін жалпы ғылыми катего-
рия ретінде анықтайды. Философияда əлеует ұғымы мүмкіндіктер
мен ресурстар туралы ұғымдармен байланысты. Психологияда
тұлғаның əлеуеті ұғымы өмірдің мəнін тануға ұмтылыспен (В.
Франкл); тұлғаның жасырын ресурстарын табу, білім, біліктерді
жəне басқа көрсеткіштерді нақты əрекетке алмастыру үдерісімен
байланысты өзектілеумен (А. Маслоу); адамның өзін-өзі дамытуға
тұлғалық өсуге қажеттілігімен (К. Роджерс) байланыстырылады.
Тұлғаның əлеуетінің мазмұнына А.А. Деркач жəне В.В. Зазыкин
«тұлғаның табиғи-негізделген қабілеттерін, тұқым қуалаушы
факторларын, сонымен бірге үнемі жаңартылатын жəне көбейтілетін
ресурстар жүйесін – интеллектуалды, психологиялық, ерікті
ресурстарды жатқызады, бұлар өз кезегінде ілгері тұлғалық жəне
кəсіби дамуға ықпал етеді».
Жалпы мағынада тұлғаның əлеуеті, оның ресурстық қорын
білдіреді, ол өзектіленуі мүмкін, тұлғаның қабілеттерін дамытудың
қолайлы жағдайларында, белгілі нəтижеге жетуде əрекет етуі мүмкін,
сонымен бірге іс-əрекеттің міндеттерін қою мен шешу сферасында
тұлғаның мүмкіндіктер шамасында əрекет етеді.
Тұлғаның инновациялық əлеуетін зерттеудің теориялық-
əдіснамалық негізі ретінде, тұлғаның өмірін талдаудағы жүйелі-
динамикалық тұғыр (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская,
Л.И. Анцыферова); өзіндік өмір сүрудің субъектісі ретінде адам
туралы ұғымдарды талдау (Д.Н. Узнадзе, А.В. Брушлинский жəне
т.б.); инновациялық іс-əрекеттің моделін құрудағы акмеологиялық
тұғыр (А.Н. Рыбников, Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина, А.А. Деркач
жəне т.б.) алынады.
Инновациялық əлеует адамның əлеуетінің алуан түрлілігі
контексінде қарастырылады. Адамның қарастырылатын əлеуетінің
спецификасы ретінде оның инновациялық іс-əрекетке таратушы
рөлінде енуі алынады. Соған байланысты инновациялық іс-
əрекет туралы қазіргі заманғы ұғымдарды зерттеуге арнайы назар
аударылады (Ю.П. Морозов, Э.М. Роджерс жəне т.б.).
Тұлғаның инновациялық əлеуетінің жалпы құрылымы,
мотивациялық (ең алдымен жетістік мотивациясы) саланы талдау
арқылы, эмоционалды-ерікті, когнитивті (ойлаудың дивергенттігі,
ойлау үдерісінің икемділігі немесе ригидтілігі) саланы талдау
арқылы сипатталады; іс-əрекет субъектісінің дара-психологиялық
ерекшеліктер жүйесі (бағыттылық, шығармашылық қабілеті,
бақылау локусы жəне т.б.) арқылы сипатталады.
Тұлғаның инновациялық əлеуеті ұғымын, инновациялық іс-
əрекетті жүзеге асыру үшін қажет ресурстардың алуан түрлерінің
жиынтығы ретінде; жаңа ақпаратты қабылдау қабілеті ретінде;
өзінің кəсіби білімдерін көбейту ретінде; жаңа бəсекеге қабілетті
идеяларды ұсыну ретінде; стандартты емес шешімдерді жəне
стандартты міндеттерді шешудің тəсілдерін табу ретінде анықтауға
деген ұмтылыстар жасалуда.
Тұлғаның инновациялық əлеуеті антропологиялық тұғыр
бойынша адамның жаңа, бейімделушіден жоғары табиғатын
қалыптастыратын əлеуметтік-антропологиялық сапалар мен күш-
қуаттың жиынтығы ретінде қарастырылады. Осы сапалардың
жиынтығы адамның барынша өзін-өзі жүзеге асыруын, оның
инновациялық іс-əрекетке енгізілуін қамтамасыз етеді.
Инновациялық əлеует əлеуметтік-психологиялық тұғыр бойын-
ша – бұл тұлғалық өзіндік диагностикамен, өзіндік бақылаумен,
өзіндік басқарумен, өзіндік тəртіппен, сонымен бірге сыртқы
əлеуметтік мəселелерді шешумен тығыз байланысты əлеуметтік-
психологиялық сапалардың жиынтығы.
Тұлғаның инновациялық əлеуеті əлеуметтанушылық тұғырда,
бұл – инновациялық іс-əрекетті реттейтін, сонымен бірге оның
белгілі ұйымдастыру аясында пайда болу ерекшеліктерін реттейтін
əлеуметтік механизмдердің қызмет ету үдерісі.
Ғылыми-білім беру саласындағы тұлғаның инновациялық
əлеуетінің (студент, жас ғалым, оқытушы) кəсіби-педагогикалық іс-
əрекеттің тиімділігін жəне дуальдығын көрсететін спецификалық
сипаттамасы болады. Өзгеше-инновациялық білім беру əрекеті
үдерісінде білім беру үдерісіне қатысушылардың тұлғасында өнімді
жаңа құрылымдардың дамуы жүзеге асатынынан құралады. Мұнда
инновациялықтың ажырамас белгісі ретінде білім беру іс-əрекетінің
акмеологиялық құрамдасын көрсететін өнімділік алынады. Бұл
ғылыми-білім беру саласында тұлғаның инновациялық əлеуетінің
акмеологиялық өзгешелігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
|